Сен тұр - мен айтайын!

Қыздардан көріп, алғашқы "полуэротикалық" кітаппен ауызданғанмын...

  • Қыздардан көріп, алғашқы

    Қыздардан көріп, алғашқы "полуэротикалық" кітаппен ауызданғанмын...

9-класта оқып жүрген кезіміз. О кезде мектеп,10 жылдық қой. Ұмытпасам үшінші тоқсан басталған кез ау деймін. Класымыздың пысық қыздары,жігіттерден жасырып,сыртын қаптаған бір кітапты,жымың-жымың етіп,бір-біріне тығып беріп жүргенін байқап қалғаным. Ешкімге үндеген жоқпын. Ол кезде,мектеп кітапханасының əдеби кітабын тауысып, совхоз кітапханасын орталап қалған кезім. Нағашым ауылына барғанда,кетер кезде екі-үш кітаптарын ұрлап кетем. Олардың балдары келгенде олар ұрлап кетеді. Қысқасы, əдеби кітапты "жеймін"...)) Енді мына кітаптың қандай кітап екеніне аңсарым ауғаны сондай, сұрасам айтпайтынын біліп,аңдуға көштім.

Бір күні бəрімізді,дене-шынықтыру сабағына,спортзалға алып кетті. Сол кезде,дəретханаға барып келем деп бөлініп кеттім де,бəрі спортзалға кеткенде,классқа қайтып келдім. Алдында бір қыздың сол кітапты біреуінен алып,партаның астында сығалап оқып отырғанын байқағам. Бірден соның партасына барып, сумкасынан əлгі кітапты суырып алдымда,қаптамасын алып қарасам.... І. Есенберлин. Қаһар... Қайырылған бетін, ашып оқысам... Əлі есімде. Қоңырқұлжаның, тəтті тоқалы Зейнепті, "Бар есікті жауып кел..." деп жұмсап. "Тоқалдың ұпайын түгендеп"жіберетін жері екен...))Кітапты орнына қойдым да,дым болмағандай,спортзалға бардым. Бұрынғы тəртіпті,пəк,періште қыздарым,көз алдымда есейген,балалықтан арылғандай боп көрінді...

Ертеңіне совхоз кітапханасынан сол кітапты алуға бардым. Екі-үш кітапты апарғанымда,кітапханашы апай, "Қаһарды орнына апарып қой. Оны оқу сендерге əлі ерте"деп,қайтарып алды. Есім бір кеткесін қоям ба?))Бір аптадан кейін барғанымда,кітапханашының көзін ала бере,фуфайканың ішіне сүңгітіп жіберіп... жымқырып кеткем... Ол кезде санамызда "Кітап ұрлау-ұрлыққа жатпайды"деген тəмсіл жаулап алған болатын.

Бірақ,сол кітапты үйдегілерден жасырып оқим деп,ана бөлмеден мына бөлмеге қашып,болмаса үйде адам жоқ кезде оқып əрең тауысқаным есімде...)))

Сөйтіп, қыздардан көріп,алғашқы "полуэротикалық" кітапқа ауызданғанмын...


Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2299    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31