Сен тұр - мен айтайын!

Қыздарының "ышқыры" бос әулетке кім жақындасын?!

  • Қыздарының

    Қыздарының "ышқыры" бос әулетке кім жақындасын?!

Кәззаптар арабтың орауышы хиджабқа қарсы қазақтарды жалаңаштануды жақтаушылар деп көрсетіп бағуда...

Қазақтың қыз-келіншегі түгілі, еркегі жалаңбас жүрмеген..


Араб халқының қыз-келіншектері киетін хиджаб қажеттіліктен туған:

Алғашқысы құм суырған, ыстық климат жағдайы болса, екіншісі - олар қазақ секілді 7 ата санаспайды. Сондықтан 2-3 атадан кейін қыз-келіншектерін бір бірінен тұмшалауға мәжбүр болады.

Ал біздің ата-бабамыз10-15 шаңырақ болып көшіп-қонып жүрді. Бәрі бір шалдан тараған жақын туыстар.

Тұмшалауға қажеттілік жоқ.

Керісінше, ауылдағы қыз балалардың абыройы - бүкіл әулеттің абыройы. "Қызға 40 үйден тиым" деген сол болады.

Ауылдағы бір қыздың жаманаты шықса, ол ары-бері өткен жолаушылар арқылы айналадағы елге жылдам тараған.

Айналадағы елдің бұл ауылмен құда-жекжат болуға ықыласы бола қоймаған. Қыздарының "ышқыры" бос әулетке кім жақындасын?!

Оның үстіне қазақ халқы қыз баласы тұрмысқа шыққанша басына қара және ақ түсті орамал салдырмаған. Жалаңбас та жүрмеген, отбасының дәулетіне қарай, басына тақия кигізген немесе түсті орамал салған, үстіне тізесін жауып тұратын көйлектер кигізген.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Абай

Қара түс – қайғының белгісі.

Ал ақ жаулық әйелдіктің белгісі.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1793    Пікірлер: 1

бейсенбі, 15.02.2018, 20:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30