Сен тұр - мен айтайын!

Əлі күнге текемет оюын киімге айқыштаудан арыла алмай келеміз

  • Əлі күнге текемет оюын киімге айқыштаудан арыла алмай келеміз

    Əлі күнге текемет оюын киімге айқыштаудан арыла алмай келеміз

Ұлттық киімдер тарихын шұқшия зерттеген ешкім жоқ. Əр жерден бір алып-жұлып жинаған мардымсыз дүниелерді ғана қаужап жүрміз.

Орысқа бодан болған ар жақтағы екі ғасырды айтпағанда, əсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ бастан кешкен нəубеттер ұлттық киім мəселесін тірі қалу қамының тасасына тұншықтырғаны тарихтан аян. Ұлтқа тəн киіну мəдениеті жойылып кетті. Бертін келе ес жинай бастаған шақта, əсіресе театр киімдерінің дизайні мен ою-өрнегін тірілтуге тура келген. Ол кезде ұлттық киімдердің мəн-жайын жете түсіндіретін қазақ дизайнерлері жетіле қоймаған. Сөйтіп ұлттық киім мəселесінің тағдыры басқа ұлт дизайнерлері мен суретшілерінің қолында қалды. Ал олардың көріп-білгені сол тұста сақталып қалған текемет пен сырмақтың оюы ғана еді. Ұлттық өрнек деген осы екен деп, сол өрнектерді киімге көшіріп сала берді. Сөйтіп текемет ою киім өрнегі боп қалыптасып кетті. Əлі күнге текемет оюын киімге айқыштаудан арыла алмай келеміз. Қала берді, театрға тəн тым ашық, алабажақ түстен де арыла алар емеспіз. Негізінде ұлттық киім өрнегі мата түсінен онша алшақ емес, үндес болып келген. Қазақтың киіну талғамы өте жоғары еді. Шіркін, осыны жүйелеп зерттейтін маман болса ғой!

Тағы бір мəселе бар. Нағыз ұлттық кестелеу, зерлеу өнерін жете меңгерген дизайнерлер, тігін ательелері саусақпен санап аларлық. Барлары шаласауатты. Əркім өз білгенінше кесіп-пішеді. Бір жүйелі ұлттық қолтаңба жоқ. Күлдібалам бірдеңе. Заманауи үлгіге бейімдейміз дегендерінен ұлттық қолтаңбаның исі сезілмейді, тым батыстандырып жібереді. Кестелеу, зерлеу өнерінің нағыз қазақи қолтаңбасы Алматыдағы "Айжан" зерлеу үйі мен "Сымбат" академиясында қалыптасқан. Сол араларда кестелейтін заманауи компьютерлік жабдықтар тұр. Ұлттық өнерден хабары бар бірді-екілі дизайнерлер еңбектенуде. Ұлттық киім тігетін басқа да сəн үйлері жоқ емес, бар əрине. Тіпті көп десе де болады. Солардың көбісі шағын механикалық машинкалармен кестелейді. Тіпті қытайға барып арзанқол маталардан кестелі (одноразовый) киімдер тіккізіп алып қайтатын сəн үйлері бар деп естимін. Ал енді жоғарыдағы аты аталған сəн үйлерінің өнімдері тым қымбат, екінің бірінің қолы жете бермейді. Өйткені бəрі шетелден əкелінеді, техника да, мата да, тіпті түйме-жіпке дейін. Зер жіп Индия мен Түркиядан əкелінеді.

Қорыта келгенде тұтынушылар не қалтасын қағып, қымбат киімдерге тапсырыс береді, не алабажақ түсті, текемет өрнекті синтетика шапандар мен бешпеттерді қанағат тұтуға мəжбүр.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30