Сен тұр - мен айтайын!

«Əлем барысында» əйгілі əншілеріміз неге жоқ?

  • «Əлем барысында» əйгілі əншілеріміз неге жоқ?

    «Əлем барысында» əйгілі əншілеріміз неге жоқ?

"Əлем барысын" көрдім. Бұл салада маман емеспін, дегенмен қазылар əділ болған сияқты. Жалпы жақсы ұйымдастырылған.


Айбектің жеңісі құтты болсын!

Гүржінің палуанының кілемді тастап кетіп қалғаны дұрыс болмады.

Бəрінен Ерсұлтан Мұзафаров деген палуан ұнады. "Ерсұлтан деген ер екен, ең күшті деген палуанға, мен барайын дер екен", дейтіндей жолбарыс жүректі, қабылан қимылды палуан екен!

Бірақ маған концерттік бағдарламасы түк ұнамады. Ылғи фанерщик, эстрадниктер "қиқулап" шыққан болады. Бірақ əлгілерде дауыс жоқ. Палуандарымызда күш бар, əншілерімізде дауыс жоқ. Шетелдік арналар көрсетіп жатыр дейді, көріп отырған жат жұрттар "қазақта күш бар екен, бірақ дауыс жоқ екен" демей ме.

"Əлем барысы" Балуан Шолақ атындағы сарайда өтіп жатыр, алайда Балуан Шолақтың бірде бір əні шырқалмады. Иманжүсіптің де əндері айтылмады. Біржан сал, Мəди, Əсет, Жарылғапберді т.б сал-серілер жас күнінде күреске түскен өнерпаздар. Осындай сал-серілердің қазақтың əнші халық екенін көрсететін биік əндері неге айтылмасқа?! "Түйенің танығаны жапырақ" деп мемлекеттік маңызы бар мереке-жиындарда бес-алты фанерщикке талақтай жабысып айырылмаймыз.

Осындайда "Қасымда Əміре мен Иса болса, болды, маған басқа дүниенің керегі жоқ" деген Қажымұқан бабамыздың сөзі еріксіз еске түседі.


Ерлан Төлеутай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.12.2018, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31