Сен тұр - мен айтайын!

Маған ерегесіп, бір подружкамды сындырып алыпты

  • Маған ерегесіп, бір подружкамды сындырып алыпты

    Маған ерегесіп, бір подружкамды сындырып алыпты

Сирень гүлі мен райхан гүлінен басқа гүлдерге ешқашан қызығып көрмеппін. Гүлді ұнатпайтын əйел заты болмайды деуші еді. Бірақ маған осы екі гүлден басқа гүлдер ұнап көрмепті. Көздің жауын алатын қызылды-жасылды болғанымен, жоғарыдағы гүлдер сияқты жұпар иісі аңқымайды. Көбісінің тікенегі бар. Əдемілігіне қызығып,құшырланып иіскей бергеніңде болмағыр тікенегі қолыңа кіріп, жаныңа батады. Біз де қыз болдық қой. Сол кездерде өмірімде əр кездескен сайын гүл көтеріп келетін романтик жігіт болды. Өзі жалаң аяқ студент. Алғашқыда гүл силаған кезде кəдімгідей қуанып қалдым. Содан кейін силаған гүлдері тіптен жалықтырып жіберді. Үйге келгенде гүл көтеріп кіруге болмайды. Гүлді көрсе əкем мен ағаларым жігітпен жүретінімді сезсе, аямайтынын жақсы білемін. Гүлді əдемі вазаға да сала алмаймын. Қақпадан кірісімен, ешкім көрмесін деп көмірханаға ытқытамын.Жан керек қой!. Ол күнде көмірханам да гүлге толған. Бір күні əлгі жігіт əдеттегідей тағы да гүл силады. Аз маз қыдырған соң, ертесіне кездесетін болып үйді үйімізге тарқастық. Оны бірінші қайтарып жіберіп жаймен аңдыған болдым. Гүл силағыш романтигім жатаханаға қарай шаңдатып жаяу кетіп барады екен. Жаным ашып, көзімнен бір тамшы жас мөлт ете қалды. Гүл де арзан тұрмайды ғой. Соны алған ақшаға тоя тамақ жесеші. Ертесіне гүл силамауын өтіндім. Ол ренжіп қалды. Қайырылмады. Ол қайырылам деп жүргенде мен басқа қалаға жұмыс істеуге кетіп қалдым. Гүл де, романтика да, сезімге сəл ұқсайтын сезім де, болмашы реніштің арқасында адыра қалды. Маған ерегесіп, спорт бөлімінде оқитын бір подружкамды сындырып алыпты. Ал мен оған ерегесіп көмірханада жинала беріп қурап кеткен гүлдерді пешке жақтым. Махаббатының күші мен қызуынан, силаған гүлдерінің қызуы күштірек екен. Бір тамақты толық пісіріп берді.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1634    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31