Мақатаевтың азаттықты аңсаған астарлы өлеңі

Мақатаевтың азаттықты аңсаған астарлы өлеңі

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Баршаңызды осы ұлы мерекемізбен шын жүрегімнен құттықтаймын.
Бұл егемендік ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған, қол жеткізуге құлаш ұрған арманы. Бар ерік-жігерімен ел үшін, жер үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескерлік танытқан батыр бабаларымыз-ай! Бүгінгі тәуелсіздігіміз сендердің ерліктеріңіз бен бірліктеріңіздің айғағы емес пе?!
Егемендікті аңсаған ақындарымыздың өзі де кеңестік дәуірде арман-ойын астарлы өлеңдермен ашық білдіріп отырған. Мысалға М.Мақатаевтың «Бәсіре» атты өлеңіне тоқталайық.
Жылқышы атам қамқоршы, асыл еді.
Әкелді де ерттеді бәсіремді.
Үзеңгімді тең теуіп орныққанша,
Бәсірені құлақтан басып еді.
Асау тай мөңкитұғын көрінбеді,
Тебінбеді немесе шегінбеді.
Атам тайдың құлағын қоя беріп,
Тізгін-шылбыр ұстатып тебін деді.
«Сарт» еткізіп бір теуіп мамағашты,
Әзер тұрған асау тай ала қашты.
Бір тентектің үстінде бір тентек бар,
Екі тентек әйдәй кеп жағаласты.
Жүйрік желмен біз қашан жарысқалы,
Атамдар да, ауыл да алыстады.
Қос тентектің қылығын көп көрді ме,
Көршілердің иті де қалыспады.
Ұласып иттер даусы аттан құрды,
Бәсірем атылады сақпан құрлы.
Екі тізгін бір шылбыр қолға ұстатып,
Осылай атам мені аттандырды.
Құлаймын-ау, деген бір қауыппенен,
Шауып келем ызғытып шауып келем.
Атам таққан құйысқан түсіп қапты,
Әттеген-ай! Қай жерден тауып берем!...
Бұл өлеңін ақын өмірінің соңында яғный, 1976 жылы жазған. Ол тұста еліміз әлі Кеңес үкіметінің шекпенінен шыға алмай жүрген шағы еді. Елдің ертеңінен, ұрпақтың болашағынан алаңдаған Мұқаң тәуелсіздікті, еркіндікті асыға армандады.
«Бәсіре» деген не? Бәсіре – атасының немересіне атаған, сыйлаған жылқысы, тайы.
Жәй көзбен қарағанда атасының немересіне бәсіре сыйлағаны, оны немересінің мініп шапқаны сияқты қарапайым ғана өлең болып көрінеді. Ал, өлеңнің тереңіне бойлап, бақылап қарасаңыз үлкен ой, асқақ арман астарланып жатыр.
Әуелі, бабаларымыз өз алдына хандық құрып, қазақ хандығы болып қалыптасып, ел билеу, тіршілік жолы бар, тағдырдың түрлі-түсті күдірінен аман өтіп, алға беттеген халық едік... осы елдігімізді (бәсірені) көп көрді ме, көршілердің иті де қалыспай жағаласқанын ақын өлеңінде былай суреттейді:
Жүйрік желмен біз қашан жарысқалы,
Атамдар да, ауыл да алыстады.
Қос тентектің қылығын көп көрді ме,
Көршілердің иті де қалыспады.
Ұласып иттер даусы аттан құрды,
Бәсірем атылады сақпан құрлы.
Екі тізгін бір шылбыр қолға ұстатып,
Осылай атам мені аттандырды.
Сүйтіп, екі тізгін, бір шылбыры өзінде, атасы сыйлаған бәсіремен сан түрлі соқпақтардан балағына жабысқан иттердің әлегінен қайтер екем, құлап қалам ба?- деп шауып келе жатқанда атасы таққан құйысқанды түсіріп алады. Яғный:
Құлаймын-ау, деген бір қауыппенен,
Шауып келем ызғытып шауып келем.
Атам таққан құйысқан түсіп қапты,
Әттеген-ай! Қай жерден тауып берем!...
«Құйысқан» - еңіске қарай шапқанда жылқының мойнына кетіп қалмас үшін ұстап тұратын ертоқымның маңызды бөлшегі. Онсыз еркін шаба алмайсың. Енді сол құйысқанды қайдан тауып берем, әттеген-ай!- деп күрсінеді бала.
Ақын Мақатаев еркіндіктен, азаттықтан айырылып бодан болған еліміздің ертеңі қалай болады? Тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма екенбіз?- деп қатты қамығады, азаттықты аңсайды.
Сондықтан да еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ғалым Қасымхан
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста