Сен тұр - мен айтайын!

Мамбет деген атыма кір келмесін деп, таза болып құман ұстап жүгіріп жүрсем

  • Мамбет деген атыма кір келмесін деп, таза болып құман ұстап жүгіріп жүрсем

    Мамбет деген атыма кір келмесін деп, таза болып құман ұстап жүгіріп жүрсем

Маған бір қазақ келіп,

- Женщина немесе девушка деп жөн сұрап жатса, сөзін соңына дейін тыңдамастан,

- Қап-қара орысты қайдан көрдің деп шап ете қалатын жаман мінезім бар.

Әлгің қорыққанынан, екі көзі алақандай болып, қолын көкірегіне қойып,

- Ой тоба! қандай-қандай қызсыз - деп қазақша сөйлеп кеткенін байқамай қалады.

Сол кезде барып, бағанағыыыы шаптығып кеткен түрімді ретке келтіріп,

Не сұрайын деп едіңіз деп күлімсірей қаламын. Сөйтіп біз әрі қарай қазақша сөйлесіп кетеміз. Осыдан бірнеше жыл бұрын орысша сөйлеп тұрған қазаққа қазақша жауап беремін деп олардан "мамбетка"

деген сөз естіп қалдым. Мағынасын да білмейді екенмін. Ес білетін үлкендердің бірінен "Мамбет" сөзінің мағынасын сұрағанымда ол Мұхаммед пайғамбарымыздың есімі екенін айтып қуантты.

"Мамбетка" деп айтқан бейбақтың бетінен сүйгім келіп кетті сол кезде. Киіп жүрген қысқа етек көйлектерімнің етегін ұзартып, сала-ғұла тілімді қысқартып мамбет деген атқа лайықты болуды жөн деп таптым. Сенсеңіздер біреудің бетіне тіке қарай алмайтын, кітапханадан кітап алып оқитын, арасында Жаратқаннан дұға тілеп,әрі дәретсіз жүмейтін, яки қолымнан құман түспейтін нағыз мамбетке айналдым.

Сөйтсем мен шынымен мамбеееет екенмін ғой. Естуімше орысша сөйлемейтіндерді "мамбет " дейді екен ғой қазіргілер.

Қайдан білейін ақ көңіл байғұс. Мамбет деген атыма кір келмесін деп, таза болып құман ұстап жүгіріп жүрсем. Сөздік жаттасамшы оданда. Мамбетпін ғой қайтейін енді.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2564    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30