Сен тұр - мен айтайын!

Мәскеуде шоу ұйымдастыруды қазақстандық продюсерге тапсырыпты

  • Мәскеуде шоу ұйымдастыруды қазақстандық продюсерге тапсырыпты

    Мәскеуде шоу ұйымдастыруды қазақстандық продюсерге тапсырыпты

Қыркүйек айында Мәскеудің 871 жылдығы тойланады екен. Шоу ұйымдастыруды толықтай қазақстандық продюсерге тапсырыпты. И. Крутой қатты өкпелеп жүр екен. Той шымылдығын "Дариға-дәуренмен" Рамазан Стамғазиев ашатын болыпты. Одан кейін Еркін Шүкіман "Келші, Мәскеу, шашыңнан иіскейін" әнін ауелетеді екен. Бағдарламада "Ауырмайды жүрек" ( Қ. Нұртас), "Қызыл өрік" А. (Жеменей), "Біздің елдің жігіттері" ( Ж. Омаров), т.б. әндер бар. Мөлдір Әуелбекова, Ғани мен Бота, Жанболат пен Жазира, Мирас пен Құралай... Общым, бәрі гала-концерт береді. РФ үкіметі әр әншіге берілетін гонорар 200 мың доллардан кем болмасын деп тапсырыпты. Ал продюсерлік компанияның қызметі 10 миллионға бағаланыпты. Оған кешті толық ұйымдастыру, ана екі метрлік, осы күні экспонатқа айнала бастаған алып жігіттерді жетелеп апару, кешті Қыдырәлі мен Қарақат бірлесіп жүргізетініне, талантымен ел сүйндіріп келе жатырған Тұрсынбек Қабатовтың арнайы сатиралық концерт өткізетіне, Путин келгенде Балғынбек Имаштың арнау айтатынына кепілдік ету секілді өте маңызды жұмыстар кіреді. "Атамекенді" орындауға Біржанның орнына дуэтке Жириновский шықсын дегенге Ескендір атамыз көнбей тулап, продюсер қазір бір дорба ақша алып солай кетіпті. Сөйлесіп, көндірмек. "Атамекен" айтылмаса концерт концерт емес, - деп Дима Медведев жер тепкілеп жатыр екен. Айтпақшы, продюсер өзін атамауды өтінді, өз елінде мұндай құрмет көрмеген өзге продюсерлердің өті жарылып кетуі мүмкін. Ескерту, Ресейге барып, ан айтудан шаршаған әншілердің біразы ойланып жүр. Сондықтан бағдарлама өзгеруі мүмкін.


Serik Abiken

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 914    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.06.2018, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31