Сен тұр - мен айтайын!

Мен 10 айлық курсқа кетсем малымды министр қарай ма?

  • Мен 10 айлық курсқа кетсем малымды министр қарай ма?

    Мен 10 айлық курсқа кетсем малымды министр қарай ма?

Қазір 10 күндік курста жүрміз. Жаңартылған бағдарлама бойынша. Енді 10 айлық курсқа бару туралы сыбыс шығып жатыр. Айналайындар-ау 11 жыл мектепте 4 жыл институт, 2 жыл магистратура жиыны 17 жыл оқуға кетіпті. Енді неғылған оқу? Ағылшынша тіл ұстарту ма? Мен шағын жинақталған мектепте жұмыс жасаймын. Болашағы тұмандау. Халық көшіп жатыр. Үйде біраз мал ұстаймыз. Таңертең мектепке кетер алдында шығарып, түсте суарып, кешке тосып аламын. ҚР білім заңында ауылды жерде мұғалімдерге жер алып мал ұстауына рұқсат етілген. Оның үстіне мұғалім азаматтық қызметкер. Қалған уақытым мектепте өтеді. Мен 10 айлық курсқа кетсем 10 сиырым мен 20 қойымды, жылқыларымды таңертең, түсте, кешке министр қарай ма? Мал ұстамайын десең ертең мектеп жабылса қалаға барып квартирант боласың ба? Оның үстіне қазір жалақыға қарап күн көру деген болмайды ғой. Егер мен 10 айлық курсқа кетсем қолдағы малдың барлығын сатып кетуім керек. Қарайтын адам жоқ.

Алды 3 деңгей, 2-1 деңгей өткен мұғалімдердің не жаны шыдап жүр екен. Ертең мектеп пен шаруашылықтың арасында таңдау түсетін болса қайсысын таңдар едіңіз?

Бүгін ғана болған айтуға оңайда отырған қазақ-тілі мұғалімі мамандығы бар әйелге мұғалім боласыз ба деген сұрағына ойланбастан: "болмаймын" деген жауабы мұғалімдердің бүгін қандай күйге түскенін аңғартса керек.

ПЫСЫ: Мен мектепте істегеніме 13 жыл болды. 3 коллектив ауыстырдым. Дегенмен бүгін оқу жүйесі күрделеніп қағазбастылығы көбеймесе азайған жоқ. Мектепте уақыт жетпей мектептің былығын үйге әкеліп қопарамыз. Балаларымызға қарауға уақыт жоғы өтірік емес. Жалғыз басты әкелер мен аналар балаларын қоса алып кете ме?Балаларымызға кім ие болады? Мұғалімнің баласы 3 ке оқи ма екен деген сөздерді де естіп жатырмыз. Баламызға айтарымыз "әйтеуір мектепті бітіріп шықсаң болды" дейміз. Мал бақ не мұғалім бол деп ойлап отырған шығарсыздар.) Ол ойларыңыз да орынды. Былай қарасаңыздар біраз мал ұстап сүтін ішіп, етін жеп майын алмасаң ауылда атаңнаң басына отырсың ба? Қайда барсаң да квартирантсың. тарт онда қалаңа. Мүмкін білімсіз шығармын. Бірақ 2 дипломым бар.) Сатып алған жоқпын. Іштей оқып жүріп алдым. Ауылды жердің мұғалімдерінің проблемасының бұл біреуі ғана.

ПЫСЫНЫҢ ПЫСЫСЫ: БӘЛКІМ МЕНІҢ ОЙЛАРЫМ ДҰРЫС ЕМЕС ШЫҒАР. ӨЗДЕРІҢІЗ ТҮЗЕП АЛЫҢЫЗДАР)


Meirzhan Temirbek


Фейсбуктегі парақшасынан



Көрілген: 712    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 10:52
    Шошқа емген қасқыр
    21 Маусым, 09:28
    "Қасымда ағай жатыр..."
    4 Маусым, 20:27
    КҮЛЕ ОТЫРЫҢЫЗДАР!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30