Сен тұр - мен айтайын!

Мен әлі қызбын...

  • Мен әлі қызбын...

    Мен әлі қызбын...

Бір күні табиғи шырша мен жасанды шырша кездесіп қалды.

– Привет, таудың жабайы Шыршагүлі! Есінеп отырсың ба, ентігіп отырсың ба, қабағың түсіп кетіпті ғой? - деп сұрады жасанды шырша мың бұралып.

– Сәлеметсіз бе? Сізді танымадым?

– Жасанды шыршамын ғой. Қолдан ұрықтанды¬рылған, ой, кешіріңіз, қолдан жасалған. Атым – Елкабике. Өзің неғып жатырсың, түбіңнен шабылып?

– Өлетін шығармын... Біздің қорықтың бастығы бір мектепке мені сыйға тартыпты. Қазір әкетеді.

– Е, сендердің күндерің әлдеқашан біткен. «Моды¬дан» қалғансыңдар. Қазір Қазақстан бізге қарайды. Жаңа жылдары бізсіз өтпейді... Бір жағы сендерді кесіп, мерекелік шырша етпегендері де жақсы. Ертеңіне-ақ қайтыс болып кетесіңдер. Просто, обал сендерге, жаным ашиды... Ал, біз деген... Біз, ойхой шіркін, мәңгі өлмейміз! Өйткені, жасандымыз! Біз мықтымыз! – деген жасанды шырша ойыншықтарын сылдырлатып, диотты шамдарын жағып, табиғаттағы құрбысына қасын кере қарады.

– Сендер мақтаншақсыңдар! Адамдар да мақтаншақ! Мақтаншақ шенеуніктер жыл сайын ысырапшылдыққа жол береді.

– Сен абайлап сөйле! Адамдардың қызығын көре алмайсың ба? Ал, онда тұрған не бар? Шенеуніктер өз қал¬тасынан төлеп жатқан жоқ, қазынаның қаражатына шырша сатып алады. Соны да сөз етіп... Көре алмай тұрсың ғой, ә?

– Кешір, Елкабике... Былтыр Петропавл әкімдігі елден ерекшеленеміз, бәрі бізге тамсанып, сілекейлері ағатын болады деп, жалпы құны 13 миллионнан асатын 4 бірдей светодиодты шырша сатып алды. 60 мың светодиодты бір мезетт¬е жарқыратып, ЛЭД экраны арқылы түрлі құттықтаулар жазылатын, ең басты шыршаның өзі ғана 9 миллион теңге тұрады екен! Ал, қайран қазақ контейнерде тұрып жатыр, балалары күрк-күрк жөтеліп... Халық шыршалардың тым жасанды¬ болып кеткенін айтып отыр. Сөздерінше ескі болса да, бұрынғы шыршамыз табиғи әрі әсерлі көрінетін еді дейді...

– О, албасты! Қара мұны! Сен өзің бәлеқор қатын екенсің ғой!

– Кешіріңіз, мен әлі қызбын... Күйеуге енді шыққалы тұрғанымда, қырқып әкетті...


Мұхтар Шерім

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.12.2017, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31