Сен тұр - мен айтайын!

Мені сыйлайтының рас болса, ал қанекей мен үшін алып қой!

  • Мені сыйлайтының рас болса, ал қанекей мен үшін алып қой!

    Мені сыйлайтының рас болса, ал қанекей мен үшін алып қой!

Қарап "отқанша" айта отырайын өткенде ел ағасы жасқа келген ізгі кісілермен бірге дастархандас болдым. Арасында намазға бастай алмай кібіртіктеп жүрген бір арыстай азамат бар екен. Мен одан 


- Абай, "саналыға иман парыз, имандыға ғибадат парыз" деген мына замандасыңыздың бәрі жығылғанда сіз неге намазға жығылмағансыз? дедім. Ол:

- Е, молдеке несін сұрайсың, кластас достарым көп олардың ешбірі намаз оқымайды. Сол достарыммен кездескенде олар "алып қой мен үшін" дегенде мен қия алмай ішіп қоямын. Содан қорқамын" деді. Мен:

- Сол да сөз болып па, оның жолы оңай.

- Қалай?

- Сіз оған сол кезде былай деңіз: "Бауырым, досым. Мен сен үшін қырық жол бойы алып келемін. Сенің айтақыныңды екі етпей келемін. Енді сен де менің досым екенің рас болса бір рет айтқанымды істе. Мен үшін ал қане осы арақтан алып қойма, намазға жығыл" деңіз.

- Е, оған көнбейді ғой ренжиді

- Олай болса оның да жолы оңай. Сіз қырық жыл сол үшін күнәға кіргенде ол сіз үшін бір рет сауапқа кіре алмаса, сіз ол үшін қырық жыл тұрғанда, ол сіз үшін бір рет тұрмаса, намазға тұрмаса онда ондай "достың" сізге керегі қанша? Дос деген достың айтқанын істейд, берген сертінде тұрады, жарты жолда тастамайды дедім.

Әлгі кісі сасып қалып:

- Екі үш жылда балам үйленеді, сонда құдалар "іш" деп қалса ұят болады деді. Мен оған:

- Сол құдаларыңызды сіз қазір танымайсыз, ал солар намаз оқитын қажы болып шықса ше? "Сорың құрысын құда ішкіш екен ғой" демей ме? Оның үстіне сіз екі жастың бақытты болуын қалайсыз ба?

- Иә, қай ата ана қаламайды.

- қолына арақ ұстап дұға еткен ата ананың дұғасы қабыл болмайды қайта екі жастың бақытсыздығына себеп те болады. теріс бата болады сіз соны ойладыңыз ба? дедім. Ол үнсіз көпке дейін үнсіз қалды.

Жұрт тарасып жатқанда ол маған жақын келіп: "Молдеке! Құбыла қай жақта?" деді... Уәссәләм


Мұхиддин Исаұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.12.2018, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31