Менде үн жоқ, әйеліме қарсы келетіндей жын жоқ...
ТЕЛЕФОН ТЕКСЕРІС
Әйелім ұялы телефонымды тексеріп отыр.
–Мынау не? –деп сұрады ол.
–Менің ұялы телефонымды иіскеп отырсың ба, не?
–Вацаптағы достарыңды айтамын! Өңшең қатындармен, қыз–қырқындармен дос болады екенсің де?
–Біреуін де танымаймын, өздері жаза береді, – дедім мен.» Жазирабек деген кім?» – деп сұрады ол.
«Еркек.» «Жаның шықсын, Жазира деген әйел. Әшейін «Жазирабек» деп жаза салғансың.» «Өй, ол біздің бастығымыздың орынбасары ғой.» деп жатырмын. «Бастығыңа «Жаным» деп жазасың ә?»
«Біз ылғи солай сөйлесеміз. «Жаным» демесең, жұмыстан шығарып жібереді. «Өтірік айтпа!» –деген ол телефоныма тағы үңіліді, –Сорпа деген кім? Жұмбақтап жазып қойыпсың?»
–Өй, ол Сорпабек қой...
–Айт шыныңды, Сорпабек деген ат болмайды. Вацапқа жазыпсың: «Жаным, сені қашан ішемін?»
–Сорпа ғой ол, асханадағы сорпа, соны ішем деп... Онда тұрған не бар?
–Үйбай, сорпа саған: «Мен әлі ыстықпын, келіп ішіп кетші...» – деп жазады ә?
Менде үн жоқ, әйеліме қарсы келетіндей жын жоқ...
Мұхтар ШЕРІМ
Фейсбуктегі парақшасынан