Сен тұр - мен айтайын!

Менингитті Қытайдың биохимиялық қаруы шығар, АҚШ-тың әдейі тірлігі шығар деп қуады...

  • Менингитті Қытайдың биохимиялық қаруы шығар, АҚШ-тың әдейі тірлігі шығар деп қуады...

    Менингитті Қытайдың биохимиялық қаруы шығар, АҚШ-тың әдейі тірлігі шығар деп қуады...

 Осындағы кейбір адамдарға таң қаламын, менингитті Қытайдың биохимиялық қаруы шығар, АҚШ-тың әдейі тірлігі шығар, бізді құртпақ, айналамыз жау деп қуады.

Тура ватниктердің логикасы. Не айырмашылық қалды олардан?


Әрине, бұл аурудан бір кісі көз жұмса, үлкен қайғы. Бірақ 2015 жылы 400 адам осы ауруға шалдыққанда, неге жұрт шуламаған?


Жыл сайын жол апатынан елде 3 мың адам өлсе, 4 мың адам суицид жасаса, олар неге үндемейді? Тек хайпқа хайп қосқанды сүйеді.


Түптеп келсе, бізде ең қауіпті аурулар - қан айналым және рак. Олардан жиі көз жұмады. Оны жазбайды. Просто ақпарат тексеріп, ізденгісі келмейді, постты былш еткізе салу оңайырақ.


Неге қазір педофил көбейді дегендей ғой. Олар қашанда аз болмаған, қазір тек олардың қылмысы туралы жиі жаза бастады. Мәселе, ауруда емес, ол туралы жазылған ақпаратта болып тұр.


Ал Қытайға келсек, ол әдетте ақырын демографиялық экспансия жүргізген. Халқын экспорттайды.

Оны Вьетнам, Малайзиядан көруге болады, көбіне бизнес арқылы көбейеді. Алдын алудың құралы - қатаң виза саясаты ғана. Ол әлемдік практика.


Оны іске асырудың жолы - депутаттар арқылы заңға өзгеріс енгізу, постпен лайк жинау емес.

Фейсбуктегі жеке парақшасынан




Көрілген: 1260    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 08:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30