Сен тұр - мен айтайын!

Менің деңгейім әлі көрші Ресейлік бизнесмендерден әлдеқайда төмен екен...

  • Менің деңгейім әлі көрші Ресейлік бизнесмендерден әлдеқайда төмен екен...

    Менің деңгейім әлі көрші Ресейлік бизнесмендерден әлдеқайда төмен екен...

Анау төрде отырған 30 жастағы жігіт бәрімізге сабақ беріп жатыр.. Осипов Петр. Бірнеше завод, фабрикалары, компаниялары бар. Миллионер долларармен..

Тобымызда айлық бірнеше миллиард рубль обороты бар алпауыттар да, Америкада тұратын орыс бизнесмендері де бар..

Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға.Абай

Адамның деңгейі өзінің ойлау қабілетін, біліміне және біліктілігіне байланысты ғой. Ал қоғамның деңгейі сонда тұратын адамдардың деңгейіне байланысты. Өз деңгейіңді өзіңнен биігірек тұрған, сенен көбірек білетін адамдармен жолығып, сұхбаттасқанда білесің..

Бизнеспен айналысқан 25 жылда біраз елдерді аралап, Қазақстанның және де әлемнің басқа елдерінің талай бизнесмендерімен дәмдес болыппын. Әлемнің талай кәсіпорындарын да аралап көрдім.. Бизнес жайлы мықты мықты деген жүздеген кітаптар оқыдым, видеокурстар көрдім. Көптеген бизнес тренинг, семинарларға да қатынастым... Күніне кемінде 3-4 сағат білім алуға жұмсаймын. Жаңа заман талаптарына сәйес кітаптар оқимын, видеолар көремін, аудиокітаптар тыңдаймын..

Біраз нәрселерді білгендей болып жүретінмін. Бірақ кешегі біліміңнің бүгін түкке жарамайтынын, өмірдің ағысының керемет жылдамдықпен ағып, күн сайын өзгерісте болып жатқанын күн сайын байқаймын.. Ол үшін қолыңды өмірдің тамырында ұстап отыру керек.. Дәл қазір заманның ағымы мүлде басқа, біздің түсінігімізде басқа планетағыдай өзгеріп кеткенін қазіргі заманның білімінің майын ішкен адамдардың тірлігін көргенде ғана байқайсың.. Біз дамыған елдерден тас дәуірінде қалғандай артта қалып қалдық десе болады..

Мен керемет білімдімін деп айта алмаймын, бірақ біраз нәрсе білемін.. Осынша өмір сүріп, осынша елдерді аралап, осынша бизнесмендермен араласып жүргендегі менің деңгейім әлі көрші Ресейлік бизнесмендерден әлдеқайда төмен екен.. Ал басқа замандастарымыздың деңгейі қандай? Сонда еліміздің, халқымыздың деңгейі қандай? Не бәрін жинап қойып, білім жинап, кәсіп жасап басқа елдермен бәсекеге түсеміз, не.... Ар жағын ойлаудың өзі қорқынышты..

Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. АБАЙ



Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1437    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.10.2017, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30