Менің құлағыма қиянат жасадыңдар
Бір ана апайға келіп, алғыс айтыпты. Ол ата-анадан себебін сұрағанда:
–Таңертең балабақшаға келе жатқанбыз. Әкесімен арамызда кикілжің болып қалды. Көлікте көңілсіз келе жатқан баламның "Сендер менің құлағыма қиянат жасадыңдар. Мен жаман сөз естімеуім керек еді" деген сөзіне қайран қалдым. Мұны қайдан үйренгенін сұрағанда, сіздердің тәрбие екенін білдім. Біз баланың бар екенін ұмытып кетіппіз. Оған өзінің бар екенін білдіріп, үнін естіртуге үйреткеніңізге рақмет! – дейді.
Бүгінгі бір конференцияда сөз сөйлеген спикер сөзі.
Біз балалардың құлағына ғана емес, көңіліне де, жүрегіне де, осы екеуіне 70 пайыз ақпаратты жеткізетін көзіне де қиянат жасамауға тиіспіз.
... Сіз де баланың сөзін қайталап көріңізші.
Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан