Сен тұр - мен айтайын!

Менің Махаббатым (жігітті меңзеп тұр) мені есейтті ...

  • Менің Махаббатым (жігітті меңзеп тұр) мені есейтті ...

    Менің Махаббатым (жігітті меңзеп тұр) мені есейтті ...

Бір құрбым он сегізіндегі мөлдір махаббаты туралы әдемі әңгіме айтып берді. Тамсанып тыңдадым. Өйткені айтушының сезімі сондай сүйсіндіреді. Өткенін еске алғандағы жанары жып-жылы. Әттең-ай, ол үйленіп кетіпті, «Бақытты болса, болды» дегенінен ниетін түсіндім. Қолың жетпеген жанды жүрегіңнен босатып тұрып бақыт тілеу үшін де кең жүрек керегін баяғыда ұғынғам. Жанымда сөйлеп келе жатқан журналист құрбым сол түйінімді тағы есіме түсірді. Бұл саланың адамдары әдетте объективті көзқараста келеді. Бірақ ұлы сезімге келгенде... Сол қыз сөзінің соңында «менің Махаббатым (жігітті меңзеп тұр) мені есейтті» деді. Осы сөзді көп адамнан естідім.

Адам ғашықтықта, әсіресе алғашқы махаббатта есеймейді, бойжетеді не ержетеді, физикалық тұрғыда емес, саналы түрде. Бойжету, ержетуді есеюмен шатастырамыз. Есею біреуге ерте, біреуге кеш келеді, енді біреуге бұйырмайтын бақыт. Адамның есейіп тумайтыны ақиқат, алайда есеймей де қартаюы мүмкін, бұл – қасірет.

Мейірім мен мүсіркеудің;

Сүю мен сүйсінудің;

Қызғаныш пен көреалмаушылықтың;

Бірбеткейлік пен қыңырлықтың;

Еркелік пен есерліктің;

Құрмет пен жағымпаздықтың;

Ғашықтық пен нәпсіқұмарлықтың;

Балалық пен шалалықтың;

Еліктеу мен үйренудің;

Еркіндік пен бетімен кетудің;

Ақиқат пен шындықтың;

Өкпелеу мен кектенудің;

Білім мен ақылдың;

Төзім мен намыссыздықтың;

Қаталдық пен қатігездіктің аражігін айыра алғанда ғана адам есейеді. Жоғарыдағы «екіліктің» әр қатары бір-бір томға татиды, түйсіне білгенге. Есею деген осыларды ажыратып қана қоймай, соған сай әрекет ететін адамға ғана тән дүние. Ал, сіз есейдіңіз бе?...


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2013    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 12:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30