Сен тұр - мен айтайын!

Мешітте бес уақыт азан шақыратынын да білмейтін не деген мақтабастар десеңші, ә?!

  • Мешітте бес уақыт азан шақыратынын да білмейтін не деген мақтабастар десеңші, ә?!

    Мешітте бес уақыт азан шақыратынын да білмейтін не деген мақтабастар десеңші, ә?!

Бір жігіттің інісі аяқ асты есіней беретін делқұлы болып қалыпты. Өзі намазды енді бастап жүрген жігіт екен. Күнде таң намазына тұрып, ары қарай жұмысына кетіп жүрген адам бес күннен бері маужырап, ұйықтай беретінді шығарыпты. Түске дейін жатып, таң намазына да тұруды қояды. «Неге екенін білмеймін. Осы төрт күннен бері жаман ұйқым келетін болды. Есіней беремін, есіней беремін. Жатқым келіп тұрады» депті келіншегіне. Келіншегі шаршаған шығарсың, демалып алсаңшы төрт- бес күн деп ақыл айтады. Қайдан білсін?! Бесінші күні таңертең ерте (жетілерде) ағасы үйіне іздеп келіп, неге жұмысқа бармай жүргенін сұрайды. «Диагнозын» білгеннен кейін ағасы не істеген дейсіз ғой? Құлағының түбіне азан шақырыпты. Содан кейін «ұйқысы» шайдай ашылып, есіней бергенін де, ұйқысы келе беретінді де қойыпты. Шәйтандар азанның дауысын естігенде жан-жаққа безіп кетеді екен. Өткен жылдары Алматыда орысы бар, қазағы бар, бәрі азанның дауысын қатты шығармауды талап етіп кетіп еді. Соның бір себебі осындай «құбылыста» жатыр ма деймін. Тасмағамбетов Алматыда әкім болып тұрғанда тура сондай бір оқиға басымнан өткен. Тұрғындарға жылдағыдай есеп беріп, қала басшысы елдің сұрағына жауап беріп жатқан. Орыстың бір кемпірі сөз алып, мешіттің жанында тұратынын, күніне олардың «тұп-тура бес рет» микрофонмен айқайлап (бес уақыт азан) мазасын алатынын айтты. Әкімнен осыған бірнәрсе істеуді сұрады. Тасмағамбетовтың cол кездегі тауып айтқан сөзі әлі есімнен кетпейді. Былай деді: «Если будет кричать шестой раз, позвоните мне!» Әкімнің осы сөзіне арқаланған әлгі әпенді сосын "Хорошо!" деп, орнына барып отырды ғой. Қазақстанда қанша жылдан бері тұрса да, әлі күнге дейін мешітте бес уақыт азан шақыратынын да білмейтін не деген мақтабастар десеңші, ә?!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1389    Пікірлер: 1

жұма, 16.02.2018, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31