Сен тұр - мен айтайын!

Мешіттер салына берсін әрине...

  • Мешіттер салына берсін әрине...

    Мешіттер салына берсін әрине...

Құдайдан безген адам емеспіз. Барша мұсылманша ауыз бекіттік. Дәстүрлі діни салтты ұстанамыз - зекет беріп, құрбандық шаламыз, жұма сайын жеті шелпек пісіріп, мешітке барып дұға тілейміз тб дегендей. Бір сөзбен айтқанда, атеист емеспін.


Өткенде жазған постыма орай түсінбеушілік туындамасын. Мешіттер салына берсін әрине. Қарсы болатындай мен кіммін??? Бірақ...


Әзірге елде 2600 мешіт бар деймін мен. Дәл қазіргідей экономикалық қысылтаяң шақта барды қанағат тұта тұруға бола ма деймін мен. Ішкі бюджетті Қытайдан алынған несиемен жауып, банктер бірінен соң бірі құлап, теңгеміз күннен күнге әлсіреп, қалың жұртты кедейшілік жайлаған уақытта бюджеттің ақшасына немесе биік лауазымының арқасында "Форбстың" тізіміне еніп, "ақсүйек" атанған шенді-шекпенділер әлеуметтік бағдарламаларға көңіл аударса деймін мен.


Масштабты түрде ойланып көріңіздер, лифттер істен шығып қаншама жас қыршынның тағдыры үзіліп жатыр. Шұқыр-тесік Астана мен Алматы трассасында қаншама адам ажал құшып жатыр. Рак дертінен қаншама жас сәби жан сауғалап шетелде ем алу үшін көмек сұрап жүр. Жастар арасындағы суицид бойынша екінші орындамыз. Алматының экологиясы катастрофалық жағдайда. Жыл сайын суға кеткен ауыл тұрғындарының жан айқайы бөлек әңгіме. Баспана бас қайғы болған қазақ көп. Автобусты парктердің тозығы шыққан. Сырттан келген келімсек саудагерлерге жалданып жан бағып жүрген қазақ аз ба? Айта берсе проблема шаш етектен.


Мен айтамын: Әлгі байлар қайырымдылыққа бөлген ақшасына адам өлімін азайтатын мықты жолдар салса, отандық мықты медициналық жүйенің құрылуына атсалысса, үнемі ақшаға жарымай жүретін ғалымдарды қолдаса, ғылыми зертxаналарға молынан ақша бөлсе, болашағынан үміт күттіретін мықты жастарымыздың біліміне инвестиция салса, автобус парктерін жаңаласа, тозығы шыққан лифттерді жөндесе, быт-шыты шыққан ауруxаналар мен құлағалы тұрған үйлер мен мектептер жөнделсе, жұмыссыздар нөпірін азайту үшін кәсіпорын мен зауыттар салынса деймін...


Басқа ой жоқ. Қарабайыр сөзбен айтқанда осы!


Сонсоң, мешіттерге кімнің аты беріледі? Руxаният жолына саналы ғұмырын арнаған ғұлама тұлғаларға ма, әлде... Ойланып көріңіздер... 


Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

сенбі, 19.05.2018, 18:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31