Сен тұр - мен айтайын!

Миллиардтаған теңге "ми өңдеуге" жұмсалады.

  • Миллиардтаған теңге

    Миллиардтаған теңге "ми өңдеуге" жұмсалады.

 Ток-шоу, реалити-шоу, тағы басқа телевизиялық шоудың мақсаты - қайткенде көрермен көңілін жаулау. Мейлі, сіз ол бағдарламаны жер-жебіріне жетіп жамандаңыз, "жабылсын!" деп митингке шығыңыз. Сотқа беріңіз. Əйтеуір, қоғам назарын өзіңізге дүрк аударыңыз. Ары қарайғысы маңызды емес. Бағдарлама сол кезде өзінің мақсатына жетеді. Ел назарын аудару мақсатында небір тəсілдер қолданылады. Студияда төбелес, алыс-жұлыс, боқтауға жол береді. Егер, ол да əсер етпесе, адам қиялы жете бермес нəрселер ұйымдастырады. Аяқ астынан анаконда шығып, жолбарысты жұтатын сцена əзірленеді. "Битва экстрасенсовта" ведьмаларды образға сай бояп, өткен оқиғаның жан-жақты варианттарын алдын-ала əлгі экстрасенске таныстырады. Сосын ол əруақпен тілдескен болып, марқұмның ата-анасын, туыстарын таң қалдырады. Немесе, жабайы табиғатта улы жылан мен мангустты қораптан шығарып, төбелестіре қояды. "Аш" кейіпкер оқиға үстінен шыққан болады. Жалпы, шоулар мен мистикалық телебағдарлама, кинолар мен жылауық телехикая ел экономикасы мен билігі тоқырауға ұшырағанда, халыққа ұсынатын ештеңесі қалмағанда көптеп шығарылатын, ел назарын аударатын саяси технология. Оған жұмсалатын қаржының есебі жоқ. Миллиардтаған теңге "ми өңдеуге" жұмсалады. Мұндай өнімдер соңғы уақытта Ресей арналарында қаптап кетті. Біздің Хабар, Нтк мен Ктк телеарнасы қазір осы бағытта жұмысты күшейтіп келеді. Ең өкініштісі, мұндай өнімді жиі тұтынатын көрерменнің психологиясы бағынышты қалыпқа түседі.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1062    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.10.2017, 20:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31