Сен тұр - мен айтайын!

Министр Әбілқасымованың айлығын 16 мың теңге ету керек

  • Министр Әбілқасымованың айлығын 16 мың теңге ету керек

    Министр Әбілқасымованың айлығын 16 мың теңге ету керек

Миллиондар қайда, министр ханым?!.


Еліміздің Астанасында тоқалтамнан өрт шығып, үйелмелі бес бала өртеніп кетті! Айтуға да қиын ауыр, қасіретті қайғы!


Бес баланың әкесі мәшине жөндеу шеберxанасында күні-түні жұмысшы болып істейді. Шешесі пластикалық карта шығаратын зауытта түнгі ауысымда жұмыста болған.


Иә, әр қазақтың басында бар немесе болған жағдай: пәтерақы төлеу керек, бес баланы бағып-қағу, күнкөріс қамы, банкіден алған несиені төлеу, яғни, қаржы жетіспеушілік! Бұл елордамыз Астанадағы жағдай! Ал Еліміз бойынша қаншама көп балалы отбасылар ауыр тағдыр кешіп жатқаны анық.


Өзге елдердегідей, мысалы алысқа бармай-ақ, көрші Ресейдегідей әр балаға қомақты қаржы берсе, біз секілді жері кең, xалқы аз елдің демографиялық өсіміне үлкен серпіліс болар еді. Бізде қазір отбасының әр мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөрістің (24459 тг-2017 жыл) 60 пайызынан төмен отбасыға әр балаға 2383 тенге (1,05 АЕК) ғана төленеді. Егер 24459 теңгенің 60 пайызы 14 675 теңге десек, онда екі балалы отбасының табысы 4 адамға шаққанда 58 701 теңгеден аспауы керек. Егер бұл отбасының табысы 60 мың теңге болса, онда ол екі балаға алатын 4 766 теңгеден (!) айрылады… Ал көп балалы отбасылардың 4-5-6 баланың бәріне алатыны 10 мың теңге ғана! Не деген миллиондар, министр Мәдина Әбілқасымова xаным!?.


Егер мына қапыда қаза тапқан бес балаға тиесілі он мың ғана теңгенің орнына әр балаға Ресейдегідей миллиондап емес, кемінде 30 мыңдай ғана төлегеннің өзінде, айына бес балаға 150 мыңдай теңге алар еді де, түнгі ауысымға жұмысқа шықпай-ақ, бала тәрбиесімен отырар еді-ау… Сонда бес бала -болашақ бес отбасы, бес ауыл аман қалар еді…


Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова тіпті «Алтын Алқа», «Күміс алқа» иелерінінің барлық баласына ай сайын алатын 16 мың теңгесін ауыз толтырып айтып, «Көп балалы аналар мемлекеттен бірнеше миллион теңге жәрдемақы алады, ешбір ел аналарға мұндай жасамаған» деп, бүлк етпей соғып отыр… Иә, Қазақтың тілін білмейтін -Қазақтың тірлігін білмейтін, бірақ Қазақ министрі болып отырған ( бізден басқа бір елде болмайтын парадокс) Мәдина ханым тура солай деп ресми мәлімдеме жасады. Бұған елдің, әсіресе, көп балалы аналардың ашуы келіп, «Министр Әбілқасымова орнын босатсын», «Әбілқасымова кет!» деп, әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Бізде орнын сақтап қалу үшін бұлай «өтірікті шындай, ақсақты дыңдай» ететіндер таң емес, жетіп артылады…


Негізі осы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінен бастап, бар шенеуніктердің айлығын 16 мың теңге жасамай, жақсылыққа жари қоймаймыз-ау деймін…


Алды 13-ке де толмаған, арты 3 айлық бес қыздың түнде де ақша табуға кеткен әке-шешелерінің жолына қарап, бір-бірін құшақтап жатып өртеніп кетуі не деген ауыр қайғы еді?!. Бес қызғалдақ бір сәтте бүршік жармай жатып-ақ өртке оранды!.. Айдың-күннің аманында, Астананың ортасында!!! Өртенген үйіндіде балалардың сол күні ұйықтар алдында алаңсыз ойнаған ойыншықтары ғана шашылып жатыр… Әлеуметтік желіде әлеумет күңіреніп кетті!.. Кеңшілік Тышқан, Асхат Кәукер секілді ақындар жырмен жоқтау айтуда…


Қайғылы отбасыға көңіл айтып, періштелердің жаны пейіште болғай дейміз! 




Көрілген: 2574    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 01:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28