Сен тұр - мен айтайын!

Міне, он жыл болды, сол "ауыр чемоданды" сүйреп келе жатқаныма

  • Міне, он жыл болды, сол

    Міне, он жыл болды, сол "ауыр чемоданды" сүйреп келе жатқаныма

26 жасында тұрмыс құрған...


"Жігіттің ешнәрсесіне қарамадым. Иә дәулетіне, иә әулетіне, иә өткен өміріне... Тек басын құрметтеп, үміт арттым. Міне, он жыл болды, сол "ауыр чемоданды" сүйреп келе жатқаныма. Өз таңдауым, өз қалауым. Қайтейін?! Тек күнкөріс, аш қалмаудың соңындамын. Күйеуің бола тұра біреуден көмек те сұрай алмайды екенсің. Сұрамайын десем, діңкелеп біттім. Сонда өмірге осы азап үшін келдім бе, Әлия?" дейді. Соны білмедім, дедім...


Шығыстық тәрбие деген бар. Әсіресе қазақ қыздарының. "Анау ұят, мынау ұят" деп, иба сақтап, арды ойлап, тағдырға тән берумен жүргенде өмірінің жартысы зу ете қалады.


Мұның бәрі жақсы қасиет, әрине! Құрбандық болудың соңы жеңіспен бітсе, үміттің ақталғаны. Ал, өзін алдап өмір сүру - ең жексұрын жүріс. Уақыт жоғалтудан артық жеңіліс жоқ, өмірде.


"Жапырағы қуарған ескі үмітпен,

Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін" дейді, Абай.


Бір сәуле жылт етер деп жүргенде, үмітің күйресе, жұмсаған күшің зая кетсе - сол жаман.


Адамдар кеш түсінеді, көп нәрсені, жалпы. Сен кемеңе мініп кетіп қалған соң...


Көбіне біреуді біреу күйретеді, біреу үшін біреудің арман-мақсаты күл-талқан болады. "Түбі сынар шөлмектің, ертесі не, кеші не?!"


Алла қаламаса, Алла қайырлы қылмаса, бітпес нәрсе бітпейді. Болмайтын дүние болмайтын сияқты...

Болмайтын істе ерте ес жиған адамды ақымақ деуге болмайды. Ал, көнбістік даналық емес.


Бір күні жанталасып жүргенімді көрген жақын құрбым: "балшыққа батқандар үшін сен кінәлі емессің. Олар өзін өзі батырғандар. Сен шығарамын деп тырмысасың, қолынан ұстап ап... Ей, өзің батасың сол балшыққа, бір күні. Сол кезде тұншығасың да, түсінесің" деді. Мен алғашында сол сөзі үшін оны жау көрмесем де, ұнатпай қалғаным рас.

Көрген соң, білген соң кеңес айтады екен да!..


"Тұншыққан" жерде не оңсын?! Күш-қайрат, рух әлсіреген адам кімді жарқыратпақ?!


Дүниеге "сезімсіз, жәй, жәмән" көңілмен қарап жүріп те ғұмыр кеше беруге болатын шығар, бірақ сенен ешқандай пайда жоқ та... Қоғамға да, адамға да!


Сезім жоғалған жерден сенім де, шындық та жоғалады.


Қандай қиын болса да ебін тауып өзін шырмаудан шығара білген азат адам ғана әлемді өзгерте алады! Бұл менің ойым. Әр адамда өмір бар, әр адамда тағдыр бар. Кім біледі?! 


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3031    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.06.2018, 21:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30