Сен тұр - мен айтайын!

Мойындайық та, бишарамыз ғой

  • Мойындайық та, бишарамыз ғой

    Мойындайық та, бишарамыз ғой

Астанаға бірдеңе беріп жіберсем өтініш айтып жатқан қазақ, құжатыңды тіркеп жатқан қазақ, үсті-басыңды ақтарып-тексеріп жатқан қазақ, билетіңді таңбалап жатқан қазақ. Бірақ бәрі орысша сөйлейді, орысша сұрақ қояды. Қазақстанда емес, Чукоткада жүргендей сезінесің. Ұйқым онша қанбағандықтан сіркем су көтермей тұр еді, келесі бір шүлдірлегіштің сұрағынан соң қаным басыма шауып кетті.

- Кешіріңіз, қазақша білесіз бе осы?

- Қазақпыз ғой.

- Менің түрім орысқа ұқсай ма?

- Жоқ.

- Өзің қазақ екенсің, менің түрім орысқа ұқсамайды, яғни қазақ екенмін. Онда неге қазақша сұрамайсың әуелі? Егер түк түсінбей тұрсам, сонда ғана орысшаңа немесе ағылшыншаңа көшпейсің бе?

- Бәрі орысша сөйлейді ғой, аға.

- Ренжіме бауырым, сорлылық қой бұл. Намыс қайда? Айтшы, қай елде тұрамыз осы? Сен сөйлемесең, мен сөйлемесем, ол сөйлемесе, кімге керек бұл мемлекеттік тіл? Біз керек етпесек, онда кімге керек ана тіліміз?

(бұрқылдап кетіп барамын, сыртымнан қарап тұрған адамға күлкілі көрінген шығармын).


Р.S. Күту залында отырмын. Оң жағымда қазақ, сол жағымда қазақ, қарсы алдымда да солар... Жүйкемді тоздыру үшін алдын-ала келісіп алған ба дерсің, олар да бір-бірімен орысша сөйлесуде. Боқтап отырмын бәрін (ішімнен).

Мойындайық та, бишарамыз ғой. Өз елінде ана тілін табанға салып отырған xалықта қандай намыс болуы мүмкін?


Ескерту: Әуежай қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне қатысты айтар шағымым жоқ.


Серік Абас-шах

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 935    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28