Сен тұр - мен айтайын!

Мұғалімдер кәдімгідей бізді тепкілейтін кейде. Содан жаман болған жоқпыз-ей!

  • Мұғалімдер кәдімгідей бізді тепкілейтін кейде. Содан жаман болған жоқпыз-ей!

    Мұғалімдер кәдімгідей бізді тепкілейтін кейде. Содан жаман болған жоқпыз-ей!

Біз өзі біртүрлі ұрпақ болдық. Кішкентай кезімізде үйде «Рассвет» дейтін телебізір тұратын. Көрсетпей қалғанда, әлгіні жағынан құлаштап тұрып періп қаласың. Быж-быж етіп тұрған телебізір бір уақта істеп кетеді. Істемей қалса, тағы ұрасың. Әбден тепкі жеп үйреніп қалған телебізір кейде әдейі таяқ жегісі кеп ізденіп тұратындай болып көрінетін. Кейде ондайда диванда отырып алып, қолыңа түскен нәрсені жіберіп кеп қаласың. Сол кездің пульті сондай болатын, лақтырасың. Телебізірге тигенде, телебізір күшті көрсетіп кетеді. Мектепте бізді мұғалім ұратын сосын. Басымыз істемей отырады. Сәуле деген апай сабақ берді. Саусағына үлкен тасы бар жүзік тағып алатын. Әлгі жүзікпен бастан бір періп қалғанда, миың аузыңа түсіп кеткен сияқты болады. Қызық-ей, сол ұрғаннан кейін басымыз істеп кететін. Сабақ айта бастаймыз. Мұғалімдер кәдімгідей бізді тепкілейтін кейде. Содан жаман болған жоқпыз-ей!))))


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.09.2018, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31