Сен тұр - мен айтайын!

Мұқағалиға араша керек

  • Мұқағалиға араша керек

    Мұқағалиға араша керек

Анабір жылы Оралхан Бөкей атындағы байқаудың облыстық кезеңіне қазы ретінде қатысқаным бар. Бір кезде бір жігіт шығып өлең оқыды. Келісті бозбала екен. «Мұқағали Мақатаев...» деп бастап, өлеңнің тақырыбын айтқанда-ақ залда отырғандар дүр сілкінді. Қоп-қоңыр, әдемі дауысқа сүйсініп еді. Әдемі оқиды екен. Тек... Біраздан соң «Мұқағалидың өлеңі...» деп басталған өлеңге Күләш апайдың бірнеше шумағы араласып, әрі қарай ұзынсонар арзан ұйқаспен жалғасты. «Кімнің өлеңін оқыдың?» — дедім оқып біткенде. «Мұқағалидың». Бозбаланың таңырқап тұрғаны байқалды. Өйткені алдын ала авторын ескертті ғой. «Қай кітабынан алдың?». «Кассетадан тыңдап, жаттадым». 


Содан қазылар арасында дау туды. Бәрі жаңағы бозбаланы жақтады: «Өлең оқуы керемет. Бас бәйгені соған берейік». «Бас бәйгеңіз не, бұл жігітті сайыстан алып тастау керек. Не оқып тұрғанын білмейді ғой...» — дедім мен. Жаңа танылып келе жатқан ақын жігітке бүйрегім бұрып еді. Бірақ өзгелер қарсы болды. Театр жағындағы бауырымыз мынадай уәж айтты: «Жас бала, болашақта қателігін жөндейді. Республикалық сайысқа осы жігітті жіберейік. Мына дауыспен топ жарары анық...». Зал шулап кетті. Қостағаны. Ана бала да сахнада тұрып, Мұқағалидың кітабын оқуға уәде берді...

...Екі-үш жылдан кейін әлгі батырымыз сахнадан өлең оқыды. Тағы да... «Мұқағалидың өлеңін». Тырнақшаға алып отырғанымнан-ақ байқаған шығарсыздар, тура екі-үш жыл бұрынғы «өлеңді». Күйіп кеттім. Өзгермепті. Кейін де талай сахнаның «шаңын қаққаны» хақ...

Қазір осылай оқылатын «Мұқағалидың өлеңі» көбейді. Кейбіреуін тыңдап отырып ұлы ақынды аяйсың...

«Ағытшы КӨЙЛЕГІҢНІҢ түймелерін...» — деген әнді де шімірікпей тыңдай беретін болдық.

«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған...» дейтін әнге айналған сөзінің де жұлым-жұлым бірнеше нұсқасы бар...

Меніңше, бұған тоқтау салу керек. Әйтпесе, ақынға обал.

Мұқаңның туған күнінде еске түсіп жатқан ой ғой...


Бауыржан Бабажанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1134    Пікірлер: 0

сенбі, 10.02.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31