Сен тұр - мен айтайын!

«Мүмкін емес, Шыңғысхан – қытай!..»

  • «Мүмкін емес, Шыңғысхан – қытай!..»

    «Мүмкін емес, Шыңғысхан – қытай!..»

Мен оқып жатқан тілдік курста әр құрлықтан келген әр ұлттың өкілдері бар. Әдеттегідей 20 студенттің бесеуі қытай. 


Сабақ арасында әңгіме, неден басталып кеткені есімде жоқ, Шыңғысхан тақырыбына ойысты. Ұлы қаған жайлы өзге ұлттар, өзге құрлықтың адамдары аса сауатты емес екен. Қызығушылық та таныта қойған жоқ. Бірақ, қытайдың бір-бірінен алшақтау облыстарынан келген бес қытай да "Шыңғысхан – қытай" деген пікірге табанды және құдайдай сенеді екен.

Мен олардың қытайдың есебіне жығып беріп, бұрмаланған тарих оқулықтарын мектепте сабақ ретінде оқығанын жақы білем. Сондықтан да Шыңғысханды қытай дегеніне аса таң қала қойған жоқпын. Оның үстіне Сұң империясын тарих тағынан тайдырып, бүкіл шығыс азияға ықпалын жүргізген Құбылай және ол құрған Юуан империясы үшін де олар Шыңғысханды тәуелдеуге құмар. Аздап мәдениет пен тарихтан сауаты бар адам бұл ақиқаттың астарын сезе қояды.

Бірақ мені таң қалдырған мүлде басқа жағдай. Дау қыза келгенде мен оларға кітапханаға барып тарихи кітаптарды оқып әуре болмай-ақ, «Байду百度»-дан емес, «Google-ге» сүйеніп деректер іздеп көруін өтіндім. (қытайдағы интернеттен іздеу жүйесі тек осы байдуға ғана сүйенеді. Ал GOOGLE және осы компанияға қатысты барлық құрылғы бұл мемлекетте бұғатталған) Әрине, айналасы бес минутта Шыңғысханның қазақ болмаса да, оның қытай емес екеніне көзі әбден жететін деректерді көріп көздерінің алақандай болғаны еді. Олардың жүзіндегі таңданыс бейне асыранды баланың отыз жыл бойы өзін бағып-қаққан адамның биологиялық ата-анасы емес екенін әлде кімнен естіп тұрған сәтіндей еді. Олар мұны қабылдай алмайды екен. Бәрібір мойындаған жоқ. Көзі жетті, көңілі пәсейді. Бірақ, жүздерінде «бұл мүмкін емес» дегенді білдіретін ызалы таңырқау әлі бар.

Міне Шыңғысханды тәуелдеп, оның тұлпарының тұяғы тиген жердің бәрін меншіктеуді ұрпақ санасында шегемен қаққандай етіп орнатып тастаған бұл идеология – бейне, ДІН секілді. Көңілдеріне күмән, күдік түсіп тұрған сәтте де бұл сенімнен ешқашан мызғымайды.


Қайсар Қауымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31