Сен тұр - мен айтайын!

Мұндай "көлеңкелерді" көмекші дейді екен

  • Мұндай

    Мұндай "көлеңкелерді" көмекші дейді екен

"Жүгі жеңіл түйе жатаған келеді" демекші, бүгінде жұмсақ креслоға жайғасқан әрбір шенеунік жанына бір-бір "көлеңке" ертіп алатын болған. Портфелін көтеріп, ұялы телефонының қоңырауына жауап беріп жүретін, сырт киімін шешіндіріп-киіндіріп, жиналыстарда президиумдағы креслоларына мәпелеп жайғастырып, ас ішсе қасында кірпік қақпай, қазықтай қасқиып тұратын мұндай "көлеңкелерді" көмекші дейді екен. Бір қызығы, қанша қысқару болып жатса да, сол көмекшілерге бұл нәубеттің неліктен әсер етпейтініне таң қаласың.

Енді солардан қалысамыз ба деп, о тоба, асабалар да бір-бір көмекші ұстайтынды шығарыпты.

Егер тойыңызға "әп-әжептеуір" (яғни, өздерін екінің бірі қол жеткізе алмас "элитный" асабамыз деп санайтындарды) асабалыққа жалдасаңыз, той басталса да, шымылдыққа жаңа түскен жас келіндей "үздіктіріп", тойдың жартысына дейін жұмбақ шалдай той қоймасы жағынан шықпай қояды. Орнына "шәкіртімін" деген желеумен шикіөкпе бір жас бала, яғни көмекшісі шығып, жарты сағаттай миыңды ашытып амандасып алады да, өзінің кім екенін тағы бір он бес минут жарнамалап, сосын тізімге үңіліп топырлатып тост бере бастайды. Тек елдің берекесі кетіп "әлгі мықты асабасы қайда?" деп мойнын соза бастағанда ғана, той иесі "оу, шықпайсың ба, қып-қызыл ақшаға жалдап отырмын ғой" деп ренжіңкіреген соң, онда да тойдың жартысынан ауа, "одолжениемен" ортаға шығады. Ол да тағы жарты сағат амандасып, жарты сағат елмен "позировать етіп" (суретке түсіп дегенім ғой), тойды фото-шоуға айналдыра бастайды. Бала-шаға мен қатын-қалаш иығына асылып, суретке түсушілер көбейіп бара жатса, әлгі көмекшісіне микрофонды қайта ұстата қойып, "жұлдызды фотосессия" науқанымен әуре боп дастархан аралап кете барады.

Сонда деймін де, ақыры тойды көмекшісі басқаратын болса, рахатын той үстіндегі фотографтар көрсе, қымбат асабаны жалдап не басымызға күн туды? 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 918    Пікірлер: 0

сенбі, 03.03.2018, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 12:54
    Мұзға айналған көз жасы
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31