Сен тұр - мен айтайын!

Мусульманский прорубьті көріп ойға түскені...

  • Мусульманский прорубьті көріп ойға түскені...

    Мусульманский прорубьті көріп ойға түскені...

Жездемнің әңгімесінен:

Кезінде өзі тұрған ауылдың әкімі қазақ, әйелі орыс екен. Шартты түрде Маша деп алайықшы. Есімі ешкімнің көңіліне келмесін. Сол ерке бәйбіше күндердің күнінде қылық шығарыпты. Жеңгеміздің «Любишь-не любишь» деген сөздерін жүрегіне жақын қабылдап, қойған талабынан бас тарта алмаған әкім ағамызда басқа амал қалмаған. Ақыры әйелінің дегенін орындап, христиандықты қабылдап жібереді ғой. Бір діннен шығып, екіншісіне кірген сол сәт Крещениемен тұспа-тұс келсе керек. Тіпті күннің суығына қарамастан, ойыққа да үш рет сүңгіп алған. Сүйіктісі қасында, сүйікті ісі жүріп жатыр, көңілі орнына түседі. Уақыт шіркін зырғып өте береді. Көктемде тағы бір діни рәсім келіп жетеді. Орыстардың пост деп аталатын «оразасы» отыз күн емес, қырық күн. Кілең көкөніс һәм балық жейді. Етке тыйым салынған. Ағамыздың асқазаны он күннен асқасын, шұрқырай бастайды. Жүрегі сазып, кәдімгідей азыпты. Бармағынан майы сорғалаған етті ауыз толтырып асамағасын не керек? Діннен безейін десе де, әйелден безгісі жоқ. Амалы таусылғасын, қорадағы тоқтысын жетелеп су басына келіпті. Келіпті де:

- Иә, Христосым, жар бола гөр! Был бараном, теперь стал сазаном, - деп тоқтыны суға үш сүңгітіпті. Ар жағы белгілі ғой. Діннен де безбей, әйелін де ренжітпей осылай оңай құтылыпты-мыс. Рас-өтірігін қайдам, мусульманский прорубьті көріп ойға түскені...


 Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.01.2019, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28