Сен тұр - мен айтайын!

Мұсылман халықтары өтірік мақтанумен және мифоманиямен алысқа бара алмайды...

  • Мұсылман халықтары өтірік мақтанумен және мифоманиямен алысқа бара алмайды...

    Мұсылман халықтары өтірік мақтанумен және мифоманиямен алысқа бара алмайды...

Сын түзелмей мін түзелмейді. Сынауға тұрарлық кемістіктер болған соң біз де қолымыздан келгенінше со жағын көрсетіп жатырмыз, ал сіздер мақтау жағында болып, мадақтап, өздеріңізді бір сәт жақсы сезініп қала беріңіздер. Ислам тарихындағы барлық хакімдер мен ойшылдар, мұсылмандардың ілгерілеп өркениетті өмір сүруін қалаған қайраткерлер (арғысы мен бергісі) ылғи да осы бағытта еңбек еткен, кешегі өткен өзіміздің Абай Құнанбайұлы, Ақыт Үлімжіұлы, Шаһкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы қатарлы асыл бабаларымыз қазақтың да мұсылманның де келеңсіздіктерін еш аямастан беттеріне басып, дұрысы қалай болмағын көрсетіп кеткен. Әрине, сын кімге ұнайды, бірден байбалам салып, мынау деген құртып жатыр, қаралап жатыр, бұл өзі тәкаппар, бұл өзі біз естімеген нәрселерді айтып жатыр деп сыртынан ғайбаттап, жала жапқандар да болған. Өмір болған соң бәрі болады, бәріміз бірдей ойда болуымыз тіпті мүмкін емес. Сондықтан, сіз және сіз сияқты ойлайтындар мақтау, мадақтау жағында бола беріңіздер бауырым. Ал мен өзім жалпы мақтау, мадақтау дегенді көп кәсіптенбеген, көп малданбаған адаммын. Мақтанатын нәрсе шын болса, несіне мақтанамыз, өзін өзі мақтаған өлгенмен тең деген. Ал мақтанған нәрсеміз өтірік болса, несіне мақтанамыз өтірікпен?!? Көрдіңіз бе, екі түрлі болса да мақтап, мақтану аса бір жақсы қасиет, бір жақсы әдет емес. Адам сол мақтанышты да мақтауды да іспен көрсету керек, жасаған ісімен. Бір ғылыми жаңалықты ойлап тапсын, бір ауруға ем тапсын, адамдардың өміріне септігін тиетін бір нәрсе жасасын, жаңалық ашсын, егін ексін, мал бақсын, өндіріс ашсын, ағаш ексін, табиғатты тазалауға көмектессін, міне шексіз көп жұмыс бар жасалатын, біз әлі оның басында тұрмыз! Біз өз елімізді кемінде Швейцария деңгейіне жткізу үшін дамыл таппай еңбек етуіміз керек! Олардың ата-бабалары бірін бірі мақтап, мақтанып, мадақтап отырғаннан осы күнге жеткен жоқ, олар шын еңбекпен, шын ізденіспен ғана осы күнге жетті. Проблема бар ма, отыр да сол проблемаға шешім тап, соны іске асыр, осы принциппен осы күнге жетті олар. Дамыған елдердің адамдарының көбі қарапайым келеді, мақтанғанды жек көреді. Біз олардан 300 жыл артта жүріп мақтанамыз кеп, бұл "мифомания" ауруы, яғыни өзінің өтірігіне ең әуелі өзі сену, мұсылман халықтарында бұл қоғамдық сипат алған, кең таралған ауру. Өмірде жоқ нәрсемен мақтану, осыдан мың жыл бұрын осындай болғанбыз, ата-бабаларымыз анандай болған, мынандай болған деп тек өткен тарихпен мақтанып отыра береді, құдды сол ғасырларда өмір сүріп жатқандай. Мұсылман халықтары осы өтірік мақтанумен және мифоманиямен алысқа бара алмайды...


Мұртаза Жүнісұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30