"Мыстан қызды" көзіммен көрдім

"Мыстан қызды" көзіммен көрдім

"Мыстан қыз"

"Мыстан кемпір" туралы ертегілерден білеміз ғой. Ол әншейін, қиялдан туған кейіпкер екен. "Мыстан қызды" көзіммен көрдім. Сол туралы айтайын.
Түркістандағы медучилищені бітіріп келген Ұлжан (бөле әпкем) біздің үйде жатып жұмыс істеді. Өзінің ауылы Сызғанда. Бірақ онда бос орын болмады ғой деймін. Ол кезде мен бесінші сыныпты бітіргем. Жаздың бір күні жанына екі құрбысын ертіп, үйге келді. Қыздың біреуінің аяғы ақсақ екен. Сонысына қарамай, биік өкше туфли киіп алған. Бәрі бірге Құмкентке кеткелі жатыр. Онда Ұлжанның үлкен апасы тұрады. Қарап отырмай, маған да "жүр, жүрледі". Бұрын Құмкентке барып көрмеген едім. Ілесіп, кете бардым. Ауылға келгенде мына қыздардың сыры маған аздап түсінікті бола бастады. Біз барған үйдің үлкен ұлы әскерден келіпті. Соған әлгі ақсақ қызды таныстырып, лажы болса, алып қалуды жоспарлапты. Кеш түскенде қыз бен жігітті оңаша қалдырып, шай ішіп отырған төргі бөлмеден бәрі сыртқа шығып кетті. Ұлжан жеңімнен тартып, мені де сүйрей кеткен. Сыртқа шықсақ, бір жігіт те дайын екен. Счетчикке өрмелеп, бір патронды бұрап тастады. Үйдің іші де, сырты да тастай қараңғы болды да қалды. Қыздар кезектесіп, әлгі есікке барып тың тыңдап қояды. Күбірлеген дауысты ажырату қиын. Содан маған ішке кіріп, әңгімелерін тыңдауға әмір етті. Шошып кеттім! Ат тонымды ала қаштым. Онымды тыңдайтын мыналар жоқ. Ұлжан құрбысымен екі жақтап сүйреп әкелді де, есікті ақырын ашып, ішке кіргізіп жіберсін. Табалдырыққа аяғымды тіреп алғам ғой. Қарулы екі қыз ішке лақтырып жібергенде, етбетімнен түстім. Оңаша отырған қыз: "Бұл кім әй?" деді. Менде үн жоқ. Дереу оң жақ қабырғаға сүйендім. Дәл сол тұста төменірек ілінген киім ілгіш тұр екен. Салбырай ілінген киімнің арасына кірдім де кеттім. Бөлмеде ештеңе көрінбейді. "Мысық шығар" деген жігіттің үні естілді. Бірақ дауысы сенімсіздеу шықты. Әлдекімнің аңдып отырғанын сезген сықылды. Қайтадан бәрі тым тырыс бола қалды. Ұзақ үнсіздікті ақсақ қыз бөлді;
- Неше малдарың бар?
- Мал бар ғой...
- Неше жылқы, неше сиыр сонда?
- Төрт бие, бір айғыр, үш байтал, төрт құлын. Бес сиыр, төрт бұзау бар...
- ...ммм... қой қаншау?
- Жиырма шақты болуы керек...
Киімнің арасында отырсам да мына сұрақтардан ұялып, қысылып өліп барам. Бірақ "мыстан қыздың" бұл әншейін сұрақтары екен. Енді тіпті бастырмалата бастады:
- Менің артымнан кешірімге не апарасыңдар?
- Білмейм ғой...
- "Білмейм" емес. Екі мың сом, бір жылқы, тоғыздың басы жағалы киім болсын. Өлітіріге бір құнан қой апарасыңдар...
Ойпырым ай, мана ғана сызылып тұрған қыз сияқты еді. Мынау кәдімгідей жалмаң жалмаң етеді! Тіпті, "сол ақсақ қыз ба еді?" деп те ойлап қоям. Одан кейін екеуі тағы ұзақ үнсіз қалды. Ал мен қабырғаға сүйенген күйі ұйықтап кетіппін. "Тарс!" ете қалған дыбыстан оянсам, еденге басыммен құлап жатырмын.
- Әй, кім ол?! - "Мыстан қыздың" дауысы жанұшыра шықты. Жып етіп, киімнің арасына жасырына қалдым. Жарық әлі жанбапты.
- Бұл кім? - Бұл жолы жігіттің дауысы шықты. Екеуі орындарынан тұрып, мен отырған жерге дейін қарап шықты да, дым таппағасын сыртқа шығып кетті. "Үһ!" деп, бөлмеден мен де атып шықтым. Өмір ғой. Менің қуанышыма орай, әлгі жігіт "мыстан қызды" алмады. Басқа қызбен отау құрып, бес алты балалы болды. Қайбір жылы "қайтты" деп естідім. Ал "мыстан қызды" талай жыл бойы күн сайын көретінмін. Бірақ сол күннен кейін танымайтындай, бұрын көрмегендей, амандаспайтын болдым. Қазір алпысқа келген болуы керек. Тұрмысқа шыққан шықпағанын да білмейді екем. Қазір осындай "мыстан қыздар" әлі бар ма екен?

Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста