Сен тұр - мен айтайын!

Намазға кедергі келтіретін нендей күш?

  • Намазға кедергі келтіретін нендей күш?

    Намазға кедергі келтіретін нендей күш?

Кейде бір күштер жамағаттың намаз оқуына барынша кесірін тигізгісі келетін сияқты. Мысалы, қараңыз... Бір топ адам намаздың басталғанын мешітте күтіп отырады. Мешітте қатты сөйлеуге, қарқылдап күліп, әдепсіздік танытуға болмайды. Біреулері діни кітаптар оқып отырады. Біреулер сыбырласып әңгімелесіп жатады. Тағы біреулері құлшылық етуде... Бәрі жақсы. Бәрі тып-тыныш.

Қамат түсіріліп болғанннан кейін имам намазды бастамас бұрын «Құрметті жамағат, қатарларыңызды жақсылап қараңыздар. Араларыңызда бос орын қалмасын. Сосын ұялы телефондарыңыздың даусын өшіріп қоюларыңызды сұраймын. Намазымызға кедергі келтірмесін...» деп, он-он бес секундтай қадағалап қарап тұрады. Сонымен намаз басталады.

Содан «Біссіміллә...» деп енді сүрелерді оқи бергенде ұялы телефондар шыр ете қалады ғой. Біреу емес, бірнешеуі... Әрине, имамның ескертуіне құлақ аспаған адамдарға бір жағы ренжисің. Бірақ, бір жағы осы уақытқа дейін шырылдамай тұрған телефонның намаз бастала саласымен шыр ете қалғанына таң қалмай көріңіз. Тағы біреулері тынбастан, ұзағынан шырылдайтынын қайтерсіз...

Адамдар да «Осы уақытқа дейін шырылдамаған телефон намаз оқыған бес-өн минөтте шырылдайды дейсің бе?» деп арқаны кеңге салатын сияқты. Әйтеуір, жамағат боп намаз оқыған кезде адамның ойын бөлетін тосын жәйттер жиі болып жатады. Кейде тып-тыныш отырған кіп-кішкентай бала намаз басталғанда шырылдап жылап кетеді.. Тура сол кезде мешіттің қасынан сиренасын қосып, қиқулап жол полициясының көлігі, жедел жәрдем өтеді. Бұл да адамның ойын қатты бөледі. Сосын мына нәрсені көп байқаймын. Намаз оқуға кіріскен кезде кенеттен бір тәтті қиялдар келеді. Әйтеуір, бір терең ойға шомып, тәтті кәмпит жегендей сол ойдан айырылғың келмей, ары қарай дамытып, ақырында оқып жатқан намазыңнан шатасып қаласың... Мешіттен келе жатып «Әлгінде не туралы ойлап едім?» деп, тәтті қиялыңды есіңе түсіргің келсе де, еш ұстатпайды. Есіңе түсірген күнде де түкке тұрғысыз қиял екенін бағамдап, «тіфу» деп бір түкіретінің бар...


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1912    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 26.02.2018, 07:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30