Сен тұр - мен айтайын!

Наурыздың идеологиясы мен концепциясына бір өзгеріс енгізуі керек еді

  • Наурыздың идеологиясы мен концепциясына бір өзгеріс енгізуі керек еді

    Наурыздың идеологиясы мен концепциясына бір өзгеріс енгізуі керек еді

Наурыз мерекесін осыдан отыз жылдай бұрын, онда да оны ұмытылып бара жатқаннан кейін қайта жаңғыртқан болатын. Әлі сол әбден тапталған бір сүрлеумен келе жатырмыз. Мереке күні бәрі әлем-жәлем болып киініп алып, аста-төк дастархан жаяды. Кей жерде тегін тамақтың соңы Сәвет кезіндегі бір-бірімен жаға жыртысып жататын арақтың өшіретіне ұқсап кетіпті. Осы жаңа ғана оны лентадан көріп қалдық. Ұзыыын дастарханның басына жиналған халық тамаққа таласып жатыр. Қазақтарға қазақ болу үшін үкімет арнайы бір күнді арнап қойған секілді. Онда да ұлттық киім киіп алғандардың көбі сайқымазаққа, клоунға ұқсап кетеді. Өзіне жараспайтын қолпылдаған (былайғы күнде киіп жүре алмайтын) ұзын шапан мен кимешек киген кемпірлерден (ескі суреттерде кимешек кигендердің 90 пайызы 17 мен 40-тың аралығындағылар) көз сүрінеді. Содан бері наурыздың құрылымына, идеологиясы мен концепциясына бір өзгеріс енгізуі керек еді. Қырық жыл бұрынғы мереке әлі сол бір программамен келе жатыр. Мысалы бұл күнді алғыс айтатын (оны жеке мереке етіп бекітудің қажеті жоқ. Бәрібір ол күні ешкім алғыс айтпайды), тазалыққа шақыратын, қазақша сөйлейтін, ұлтты ұлықтайтын күнге айналдырса. Мен тек наурызды «рухани жаңғыртудың» бір жолын ғана ұсынып отырмын...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 865    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.03.2018, 21:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31