Сен тұр - мен айтайын!

Неге алдай бересіңдер а, шаршааап кеттім!

  • Неге алдай бересіңдер а, шаршааап кеттім!

    Неге алдай бересіңдер а, шаршааап кеттім!

НЕГЕ АЛДАЙ БЕРЕСІҢДЕР, А?


Адамның өзі аш жүргенде, бүкіл ағзасы ауру, бүйрегінде тас жүргенде, қазаққа қазақ қас жүргенде, неге алдай бересіңдер, а? Күні кеше: «Ойбай, жарқанаттың ұясын арабтар сатып алады екен, он шақтысын әкеп берсең, ішек сілесі қатып, жатып алады екен, ақшаға қарық қылады екен, семізді арық, алдыңды жарық қылады екен!» деген бейне баяндар интернетте хит болды, соны көріп, менің әйелім де ит болды! «Қорыққандар алақандарын жайып жатыр, қорықпағандар шеттерінен байып жатыр!» деген соң, жартастар мен үңгірлерді кезіп кеткен едім. «Жарқанаттың ұясы адамға ем екен, он шақтысы керек, біреу– екеу кем екен!» дегенді естіп, есім ауып қалды. Сөйтсем, сексендегі әжем айтады, жарқанаттарда ұя болмайды, әшейін салбырап тұрады екен ғой?


Тағы бірде: «Ойбай, несін айтасың, аттың өті, есектің көті небір ауруға ем екен, арабтарға апарса, ақшамен мұрныңды сүртесің!» деген дабыра шықты. Халықпен бірге мен де сеніп, ал, аттың өтін іздейін. Талай есектің құйрығын кесіп аңыраттым, сөйтсеем, есекте көт болғанымен, атта өт болмайды екен ғой? (Кешіріңіздер, көт деген сөзіме ұялмаңыздар, ертеректе мектепте әдебиеттен Көтібар батыр туралы да оқыдық қой...)

Менің ойым, ақшалы болсам, бау–бақшалы болсам, әйтеуір күнімді көрсем ғой. Содан бір күні «Ойбай, несін айтасың, қара қарғаның тістері қант диабетіне ем екен, арабтар сатып алады!» деген далбаса шықты. Далбаса болса да, алаяқтардың ақша жасайтын қақпанына қара халық жаппай түсіп, қарғаларды ата бастадық, сөйтсеек, қарғада тіс болмайды екен ғой? Өз басым қарғаның аузын айырып, лупамен қарадым, құрттап кеткен тісі де жоқ! Неге сене береміз осы? Көңіліміз аяз ба, біліміміз саяз ба? Содан не керек, тасбақаның сақалын іздеп кеттім! «Несін айтасың, тасбақаның сақалын берсең, арабтардан байып қайтасың!» деген жұрттың соңына ілескен едім. Талай тасбақаны індерінен қазып алып, өлтіріп, артынан да, алдынан да сақал таппадым. Сөйтсем, тасбақада сақал түгілі, мұрт та болмайды екен! Қалай ойламағанбыз? Тағы бірде жыланның аяғын іздеп кеттік. Құрбақаның қанатын іздеп кеттік... Әйтеуір, ақша дегенде делебеміз қозып кетеді, сөйтеді де, алаяқтар озып кетеді! Соған қарағанда, халықтың жағдайы өте нашар болып тұр–ау? Аш қазақ ештеңе ойламайды, тереңіне бойламайды, байлар кедеймен ойнамайды! Неге алдай бересіңдер а, шаршааап кеттім!


Мұхтар Шерім


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28