Сен тұр - мен айтайын!

Неге біз балаларымызды түсінуге тырыспаймыз?

  • Неге біз балаларымызды түсінуге тырыспаймыз?

    Неге біз балаларымызды түсінуге тырыспаймыз?

Біз баламыздың пікірін сұрамаймыз. "Мен балаларымның пікірімен санасамын, олардың арманына шектеу қоймаймын" дейтіндердің өзі де шындығына келгенде көп санаса бермейді. Әрі-беріден соң, көбіміз балаларымыздың нені армандайтынын біле де бермейміз. Бала үшін шешім қабылдау ересектерге түкке тұрмайды. Өйткені "ешбір ата-ана балам жаман болсын демейді", "адам болса екен дейді". Таныс па? Әрине, таныс. Біздің әке-шешеміз де солай ойлаған. Өздерінің армандарын бізге әкеп арта салған. Біз де сондаймыз...


***


Екі-үш күн бұрын ғана "семейный совет" болған еді. "Қай мектепке барамыз, қай мектепке емтихан тапсырамыз?" деген мәселені талқыладық. Бірақ екеуара. Баланы қатыстырмай! Оның пікірін сұрамай! Несіне сұраймыз, "ол бала ғой, не біледі дейсің?!". Сонымен, "біз" (яғни, екеуміз) химия-биология бағытына бара алмаймыз. "Өйткені аллергиясы бар, лабораторияда жұмыс істеу зиян". Иә, біз солай шештік. Информатикаға да бармаймыз. "Өйткені көзі ауырады, компьютерге тесіліп, одан бетер құртқаны қалып еді!". Сондықтан математиканы таңдағанбыз. Иә, екеуміз. "Өйткені математика барлық жерде керек. Қай салаға барса да!". Біз солай шештік. Ал байғұс бала аптасына 50-60, кейде 100 есеп шығарады. Кейде ойнауға уақыты қалмайды. Оның арманы... Оның арманы – бизнесвумен болу, сұлулық салонын ашу. Бірақ біз оған математиканы тықпалаймыз. Өйткені, "жаман болсын демейміз ғой", иә, біз де сіз сияқтымыз, құрметті ата-ана! "Ертең жейтін наны ғой, осы баланың болашағы деп жүрміз". Тура сіз сияқты!..


***


"Ұлан" газетінде "Ақ құс" туралы мақала шыққан, жақсы оқылып жатыр. Жұрттың бәрі мақтаған соң, мен де көрдім. Zhadyra "менсіз жалғасын көрмеңіз" деген, бірақ мен шыдамадым. Енді... Иә, жылап отырмын. Неге біз балаларымызды түсінуге тырыспайды екенбіз? Бізді де ата-анамыз түсінбейтін еді ғой, сол кезде ренжитін едік қой, енді неге өзіміз де сондаймыз?..


#Аққұс сериалын балалардан бұрын ата-аналар көрсе екен деген тілегім бар. Иә, бәріміз көрейікші!..


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1249    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.12.2018, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31