Сен тұр - мен айтайын!

Неге біз идеалный болуымыз керек?

  • Неге біз идеалный болуымыз керек?

    Неге біз идеалный болуымыз керек?

Қайрат Нұртас кино түсіруден жақсы емес шығар, әнші ретінде біз оны сыйлауымыз керек. Себебі ол үнемі қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде ән айтқаны үшін.

Ағылшынша ән айтқаны көп сынға ілініп жатқанға ұқсайды. Бірақ Қайрат неге акцентсіз айтуы керек?

Неге біз идеалный болуымыз керек?

Еуропа елдерінде тілдің акцентіне қарап қай елдің адамы екенін таниды. Ал біз кез келген тілде таза сөйлеуіміз керек деп санамызға құйып алғанбыз. Құлдық сана, өзге ұлттың тіл арқылы боданына айналу қалыптасып қалған. Орыс тілінде дұрыс сөйлей алмасаң мамбеткасың! Кекетіп мұқатып адамның намысына тиіп өздерін керемет идеалный етіп көрсету. Осы біздің жетістік. Өсіп келе жатқан баланы жан алқымынан алып тұншықтыру жалпақ тілде айтқанда. Мейлі акцентпен айтсын, мейлі айтылуында қателік жіберсін, ең басты нәтиже ол емес, ең басты нәтиже ол оған талпынып көрді. Ол Қайраттың қолынан келді. Ауылдан шыққан көп жастарға Қайрат үлгі! Әншілік жағынан болмаса да үнемі қазақ тілінде сөйлейтіні көп жастарға өнеге. Біле білсеңдер біраз шала қазақтар Қайрат Нұртастың әнін айтып жүріп, қазақ тілін меңгере бастаған. Біраз жастар осылай акцентпен сөйлеп жүргендер үшін іштей қынжылады. Себебі бізде отырып алып мазақ қылып күлетіндер толып жатыр. Топастық, құлдық санадан құтылатын кез келді. Біздің санамыз рухани жаңғыру керек!


Айгүл Орынбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30