Неге қоғамдағы психикалық денсаулыққа мəн бермейміз?!

Неге қоғамдағы психикалық денсаулыққа мəн бермейміз?!

АУТОАГРЕССИЯ мен ГЕТЕРОАГРЕССИЯ

Қазақстан суициді көп елдер тізімінде алғашқы бестікке кіреді. Айтамыз. Шулаймыз. Статистикалық мəліметтер келтіріп бірнеше күн сенсациялық тақырыпқа тамызық етеміз. Бұл мəселенің маманы болмаса да кейбір пысықайлар семинар-тренингтер өткізіп тəп-тəуір ақша табады. Кей мекемелер қомақты қаржы шығындап бірталай жобалар жүргізеді. Ресіми органдар мұның негізгі себебі отбасылық-тұрмыстық, жеке тұлғалық мəселелер деп сырғытпа мəлімет береді. Бірақ нақты себебі айтылмайды. Салдары қала береді...
Суицид - аутодеструктивті мінез-құлық. Бұл - әлеуметтік-психологиялық дезадаптация нәтижесі, екінші жағынан қоғамға деген қарсылық реакциясы. Түп-тамыры қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық факторларда жатыр. Мұқтаждық, мақсат пен мүмкіндіктің сай келмеуі, кедейлік, келешекке сенбеу - барлығы да адамның өмірден түңілуіне әкеледі. Көп адамдар парадоксқа толы өмірлерін қабылдай алмай "ішкі миграцияға" кетеді. Себебі ашық қарсылық білдіруге қауқарсыз. Қоғамда апатиялық көңіл-күй, немқұрайдылық мінез қалыптасады. Оның арты күйзеліске ұласады. Ал созылмалы әрі терең күйзелістің соңғы нүктесі – суицид. Қоғамдағы ақуал дəл осындай аутоагрессиялық мінез-құлықпен аяқталса жақсы ғой, өкінішке қарай мұның бұдан да сорақы салдары бар. Ол - гетероагрессиялық мінез-құлық. Бұл жағдайда адамдар "ішкі миграцияға" кетпейді. Енді "сыртқы миграцияға" кетеді. Сенбейсіз бе? Соңғы бес айдың өзінде 40 мың отандасымыздың неге шетел асқанын ойланып көрейікші. "Мына елмен болашағымды байланыстырғым келмейді",- деген жастарды мүлдем кезіктірмедіңіз бе? Мен ондай ойда жүрген жүздеген жастарды күнде көремін, естимін, оқимын.
Енді қоғамда апатиялық көңіл-күй емес, агрессиялық көңіл-күй мен беймазалық-үрейлі (тревожно-фобический) мінез қалыптасады. Адамдар өз эмоцияларын бақылай алмауы былай тұрсын, эмоциялық аффект жағдайға тез берілгіш бола бастайды. Келіспейсіз бе? Мысалды мыңдап келтіруге болады. Қоғамдық көлік ішінде біреудің аяғын байқаусызда басып кетсеңіз, кем дегенде қанық эмоцияға толы бірнеше балағат сөз естисіз. Тіпті тұмсығыңыздың бұзылуы да ғажап емес. Бес минут көлік кептелісіне жүйкелері жұқарған жүргізушілерді күнде көріп жүрген жоқсыз ба? Жалға берген пəтерақыңызды алуға барасыз да, қапияда қайтыс боласыз (Алматыдағы жағдай). Көлігіңіздің айнасын ұрлап жатқанда үстінен түсесіз де, қарақшы емес-ау, сұғанақтың пышағының ұшында кетесіз (Денис Тен). Тапа-тал түсте өз подъезіңізде балаңызды зорлап кетеді (Шымкенттегі жағдай). Өз ауласыда ойнап жүрген қызыңызды зорлап, басын мыжғылап өлтіріп кетеді (Қызылордадағы жағдай). Тағы мысал керек пе?..
Гетероагрессияда қарсылық əрекет суицид болмайды. Ендігі əрекет ашық, агрессияға толы іс-əрекет болады. Ашық ұрлайды. Ашық тонайды. Ашық қорлайды. Ашық келемеж етеді. Ашық қорқытады. Ашық қамайды. Ашық пара алады... Осылай рухани тоқырай береді. Кей адамдар бейсаналы түрде рухани қолдау іздей бастайды. Құдайды іздейді. Дінге барып жандарына сая тапқысы келеді. Ол жаққа да жеткізбей, жолшыбай теріс ағымдағылар өздеріне қосып əкетеді...
Аутоагрессия да гетероагрессия да - девиантты мінез-құлық. Емге мұқтаж мінез-құлық. Меніңше қазіргі таңда қоғам психикасы "шекаралық күйге" (пограничное состояние) жеткен сияқты. Қоғамда не сау емес, не ауру емес адамдар өте көп. Емдеу керек. Шұғыл түрде тиімді ем қажет. Себебі бұл біздің қоғам. Біздің Отан. Біздің адамдар. Өзімізбіз.
Неге қоғамдағы психикалық денсаулыққа мəн бермейміз?!.

Абылайхан Әбдіханұлы Рысдәулет
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста