Неге тоқал ретінде ажырасқан әйелді алмайды?

Неге тоқал ретінде ажырасқан әйелді алмайды?

Тоқалдық тақырыбы қозғала қалса, әйелдер қауымы бірден "Неге ондай мықты болса, тоқал ретінде ажырасқан әйелді немесе жесірді алмайды?" деген сауалды қояды. Осыған дейін осы тақырыпқа қатысты еркектер айтқан пікірлер мен өзім көріп-білген жағдайларды сұрыптай келе жоғарыдағы сауалға жауап жазуға тырысып көрейін. Ең алдымен "Неге тоқал ретінде ажырасқан әйелді алмайды?" деген сауалға жауап іздесек:
1) "Ажырасқан" деген сипаттың өзі толықтай болмаса да әйел адамның негізгі сипаты ретінде көрінеді. Яғни "ажырасқан" сөзі "Егер жақсы болса, күйеуі айырылып қалмас еді", "Жақсы келін болса, қайын жұрты жібермес еді", "Бір кілтипаны бар ғой", "Мінезі жаман-ау" деген сияқты пікірлерді жинақтайды;
2) Ажырасқан әйелдің "беті ашылып кеткен". Яғни ол бұрынғы отбасындағы ұрыс-керістің нәтижесінде беті ашылған. Мұнан былай енесіне қызмет, күйеуіне құрмет көрсете алмайды;
3) Бір әулеттің тыйымдарынан босап, еркіндікке үйреніп қалған әйелге күйеудің талаптарын орындай салуы оңайға түспейді. Өз ойлағанын жүзеге асырғысы келіп тұрады;
4) Ажырасқан әйел - төсек көрген әйел. Ол жаңа төсекті бұрынғысымен салыстырып қарайды. Жаңаның бұрынғыдан асып түсуін қалайды;
5) Ажырасқан әйел адам ажырасқандағы дүние бөлісті көрген адам. Келесі жанұялық өмірде күйеуінің тапқанына күтіммен қарай алмайды. Қалыңмал ретінде пәтер мен көлік талап етеді;
6) Бала көтере алмағандықтан ажырасқан әйел болса, мен одан қалай ұрпақ сүйемін;
6) Ажырасқаннан кейін өз күтімін ұмытқан. Сымбаты семіздікпен алмасып кеткен т.б. міне осы сияқты топшылаулар ер адамдардың тоқал ретінде ажырасқан әйелді алмауына септігін тигізеді екен.
Мен бұл жерде күйеуі ұрып-соғып, қорлық көрсеткендіктен, алқаш болып асырамағандықтан, адал жарының көзіне шөп салғандықтан ажырасып кеткен әйелдерді айтқан жоқпын. Олардың жағдайы басқа.
Келесі кезекте "Неге тоқал ретінде балалы әйелді алмайды?" деген сауалға жауап іздесек:
1) Бүгінгі күнде өз балаңды тәрбиелеу күрделі болып тұрғанда біреудің баласын тәрбиелеу оңай емес;
2) Әр баланың тамақ-киімі қаражатты талап етеді. Өз балаларыма қоса ол әйелмен келген бірнеше баланы бірден асырауға шама жетпейді;
3) Өзгенің баласымен өз беліңнен шыққан балаға махаббаты теңдей бөлу оңай шаруа емес;
4) Бауырыңа басқан балаға байланысты тоқалмен түсінісепеушілік жиі болады;
5) Тоқалдың балаларының әкелері тірі болса, ол балаларға өзіңді сыйлату, тіл алғызу өте қиын деген сияқты топшылаулар балалы әйелдің тоқал болуына тосқауыл болады.
Соңғы кезекте күйеуі қайтыс болған жесір әйел мәселесіне келсек мұнда жағдай жоғарыдағы екі санаттағыдай күрделі емес. Себебі:
1) Көп жағдайда қайын жұрты келіні мен немерелерін ешқайда жібермей шаңырақта ұстап қалады;
2) Марқұм күйеуіне деген құрметін, балаларының оған деген махаббатын ойлаған жесір әйел екінші рет тұрмысқа шықпайды;
3) Мұндай жесір әйелдер тоқал алуды ойлаған еркектер арасында тіпті кейді бойдақтар ортасында да сұранысқа ие.
Негізі айта берсек еркектердің тоқалдыққа ажырасқан немесе балалы әйелдерді алмауының мен білмейтін себептері де баршылық.
Сіздерге сауал "Егер өз ағаңыз не ініңіз тоқал ретінде жоғарыда айтылған сипаттар бойынан табылатын ажырасқан не балалы әйелді аламын десе, келісер ме едіңіз?"

Ернар Нұртайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста