Сен тұр - мен айтайын!

Нобель сыйлығын алсам, осыларға бір жатақхана салуға сол қаржы жетер ме екен

  • Нобель сыйлығын алсам, осыларға бір жатақхана салуға сол қаржы жетер ме екен

    Нобель сыйлығын алсам, осыларға бір жатақхана салуға сол қаржы жетер ме екен

  • Нобель сыйлығын алсам, осыларға бір жатақхана салуға сол қаржы жетер ме екен

    Нобель сыйлығын алсам, осыларға бір жатақхана салуға сол қаржы жетер ме екен

Біз студент кезімізде жатақханада тұрдық. Үйіміз ел астанасынан алыста. Сабаққа өз үйінен келетін астаналық достарымызға қызығамыз. Ал, олар бізге қызығады. Қайсы бірі бөлмемізге келіп қонып кетіп жүретін. Жатақхананың өз қызығы мен думаны көп қой. Дегенмен қиындығы да болмай тұрмайтын. Сол кезде "мен көрген қиындықты балаларым сезбей өсулері үшін қайткен күнде провинцияда тұрмауым керек" деп іштей ант-су ішетінмін. Алла оған да жеткізді. Құдайға шүкір, балаларым өз үйімізде тұрып оқыды. Жатақхананың не екенін білмей өсті. Күздің осындай сұрғылт салқын күндері бүрсеңдеп сабақтан келе жатқан студентті көргенде қырықтай жыл бұрынғы өз халім еске түсіп біртүрлі аяп кетемін. Əнтек қол қысқа. Астанада студенттерге жатақхана жетіспейді. Əр жерде пəтер жалдап артынып-тартынып жүргені. Əлгінде ғана жол жиегінде бүрсең қаққан бір тобын көзім шалды. "Шіркін-ай, Нобель сыйлығын алсам, осыларға бір жатақхана салуға сол қаржы жетер ме екен. Маған ақшасының керегі не, атағы да жеткілікті ғой" деген ой келгені. "Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе" деп осындайда айтылған шығар.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 627    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:27
    Арың қанша тұрады?
    17 Қыркүйек, 13:16
    Негізі Канело жеңді
    13 Қыркүйек, 09:44
    "Әлі қыз" дедіңіз бе?
    5 Қыркүйек, 09:29
    Сыбайлас қамқорлық
    19 Тамыз, 13:40
    Кім кімді алдап жүр?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30