Сен тұр - мен айтайын!

Оқушы қыздарға еркек көзіңмен қарайтыныңды білмеппін, масқара ...

  • Оқушы қыздарға еркек көзіңмен қарайтыныңды білмеппін, масқара ...

    Оқушы қыздарға еркек көзіңмен қарайтыныңды білмеппін, масқара ...

Мектеп оқушыларының орамал тағуы туралы бір әріптесіммен пікір таластырып қалдық. Ол маған, мен оған өз ойларымызды дәлелдеп қызыл кеңірдек болып отырмыз. Бір кезде ол:

- Егер саған қабығы аршылған кәмпит пен қағазы оралған бүтін кәмпит ұсынса қайсысын алар едің?,- деген "тізесі шыққан" сұрағын қойды.

Әдейі:

- Әрине, оралған кәмпитті аламын!- деймін ғой. Анау қуанып кетті.

- Уот көрдің ба? Орамалсыз қыз әркімнің жетегінде кетеді, орамал таққан қыз бүтін сақталады. Ешқандай еркек оған қауіп төндірмейді,- деді.

- Арман,- дедім. - Сенің орамалсыз оқушы қыздарға еркек көзіңмен қарайтыныңды білмеппін, масқара. Мынауыңды менен басқа ешкім естімесін.

- Әй, жоқ! Не деп отырсың? - деп шошып кетті.

- Енді өзің ғой, орамалы жоқ бантигі желбіреген оқушы қыздарды қағазы жоқ кәмпитке теңеп, оларға еркектерден қауіп бар деп отырған жоқсың ба?- дегем. Қолын бір сілтеп орнынан тұрып кетті. Әсіре діншілдер қуады, ә шамалы?!


Индира Кереева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2300    Пікірлер: 3
Пікірлерді оқу (3) preloader

сәрсенбі, 04.10.2017, 11:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30