Сен тұр - мен айтайын!

Оқушы тестті қай тілде тапсырмасын жалпы конкурс жасап, бірдей мүмкіндік беру керек

  • Оқушы тестті қай тілде тапсырмасын жалпы конкурс жасап, бірдей мүмкіндік беру керек

    Оқушы тестті қай тілде тапсырмасын жалпы конкурс жасап, бірдей мүмкіндік беру керек

ҰБТ демекші, барлық оқушылар тест нәтижесін көріп, бірі грантқа түсіп қуанып жатса, бірі түсе алмай қайғырып жатыр.


Бірақ мені алаңдатқан бір мәселе дәл бірдей мамандыққа, бірдей балмен тапсырған екі оқушының біреуі грантқа түседі, ал бірі түспейді. Неге?


Өйткені бірі тестті орыс тілінде, екіншісі қазақ тілінде тапсырған. Нәтижесінде екеуінде бірдей мүмкіндік болмаған, яғни қазақ бөлімінде конкурс өте жоғары, орыс бөлімінде төмен. Өйткені осы уақытқа дейін грант жалпы конкурс бойынша емес, бөлек конкурспен анықталып келеді.


Салыстырып қарайтын болсақ:

- "Ақпараттық жүйелер" мамандығында қазақ бөлімі - 95 балл, орыс бөлімі - 51 балл


- "Автоматтандыру және басқару" қазақ бөлімі - 96 балл, орыс бөлімі - 58 балл


- "Биотехнология" мамандығы қазақ бөлімі - 101 балл, орыс бөлімі - 51 балл


- "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы, қазақ бөлімі - 97 балл, орыс бөлімі - 76 балл


Яғни тестті орыс тілінде тапсырған адам қазақ тіліне қарағанда 2 есеге дейін басымдыққа ие болып отыр. Нәтижесінде теңсіздік, әділетсіздік орын алуда.

Сондықтан БжҒМ оқушы тестті қай тілде тапсырмасын жалпы конкурс жасап, бірдей мүмкіндік беру керек. Сонда ғана әділ бәсекелестік болады.


Жеңісбек Төлен

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

жұма, 10.08.2018, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31