Сен тұр - мен айтайын!

Ол ауылдың еркектерінің бəрі бірдей сексенде емес шығар

  • Ол ауылдың еркектерінің бəрі бірдей сексенде емес шығар

    Ол ауылдың еркектерінің бəрі бірдей сексенде емес шығар

Баяғыда жасы сексенге келген бір шіріген бай шал желігіп төртінші əйел алғысы келіпті. Ол заманда жағдайы келген кісілер шариғат бойынша төрт əйел алған екен. Олардың əрқайсысының өз атауы болған.


1. Бəйбіше

2. Тоқал

3. Жас иіс

4. Сайқал


Хош əлқисса, содан іргелес отырған көрші ауылда бір кедей байғұстың əлі қатын алалмай жүрген үш ұлы жəне бірінен кейін бірі уылжып пісіп отырған екі бойжеткен қызы бар екен. Соны естіп, "қалың малға 100 жылқы, 1000 қой, 7 тайтұяқ алтын берсем бір қызын берер ма кен?" деп елші жіберіпті. Елшілер кедейдің үйіне келіп шалдың сəлемдемесін жеткізіпті. Əке шешелері не дерін білмей қыздарына қарайды. Жасы он тоғызға келген үлкен қызы : " атама ойбай, тəнімді шал сипаған құрт жесін оданда" деп далаға тұра қашыпты. Он жеті жастағы кіші қызы өте ақылды əрі қулау болса керек:" тəуекел сол шал осы айтқан қалың малдарын түгел шынымен айдап əкеп беретін болса мен ол кісіге байға тиемін əрі ағаларымда соның арқасында қалыңмал төлеп қатын алып қалсын" деп келісім беріпті. Уəделі күнде жақындап қызды алып кетуге елшілер қалың малды түгел айдап əкеліпті. Кіші қызды жеңгелері сыңсу айтып жылап шығарып салып тұрып:" айналайын Еркежан -ай сексендегі шалға тиіп қор болатын болдың ау қайтеміз енді тағдыр маңдайыңа солай жазса" десе, əлгі қыз айтыпты, "саспаңыздар мен есесіне əке шешемді кедейліктен құтқардым. Сылтаумен ағаларымда қатын алатын болды. Тəуекел ол жақта да бірдеңе ғып өмір сүрерміз, ол ауылдың еркектерінің бəрі бірдей сексенде емес шығар" деген екен.


ҚОРЫТЫНДЫ: "Сайқал" деген сөз содан қалған болу керек сірə ...


(с) Шахаров Қанжардың жазбасы


Даурен Муканов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1449    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31