Сен тұр - мен айтайын!

Өмірді өзгертуге 5 ақ секунд уақыт керек!

  • Өмірді өзгертуге 5 ақ секунд уақыт керек!

    Өмірді өзгертуге 5 ақ секунд уақыт керек!

Шынында ӨЗГЕРУ деген не? Ол адамның әдетіне кіріп, сіңісті болып кеткен, жылдар бойы қайта -қайта қайталап жүрген, өзі құтылғысы келіп жүрген ОЙЛАРЫ мен ІС ӘРЕКЕТТЕРІ. Бір жаман әдеттер мен мінез кеселдерінен құтылуы. Бір жеріңе кіріп кеткен тікен деп қабылдасаңыз да болады.


Жаныңа да батады, бірақ соны инемен шұқып отырып, шығарып алып тастауға дәтің бармай жүреді. Күндердің күнінде әбден шегіне жеткенде бел шешіп кірісіп жұлып тастайсың. Басында ауырсынасың, бірақ біраз уақыт өткен соң кеткен соң бір керемет рахат сезімге бөленесің!


Енді барлық назарыңды осы сені мазалап жүрген, құтылғың келетін бір нәрсеңді тауып ал да, соны ӨЗГЕРТУГЕ, жұлып алып тастауға ШЕШІМ қабылда. Дәл осы шешім қабылдауға кеткен 5 секунд уақытың сенің ӨЗГЕРУ секундттарың. Болды енді сен басқа адам бола бастадың. Бірақ ол түбегейлі өзгеріс болуы үшін оны мықтылап бекітіп тастауың керек. Ол үшін енді осы ШЕШІМДІ 10 күн бойы, күніне кемінде 20-30 мәрте еске түсіріп, бар жан тәніңмен ішіңнен қайталап, миыңның нейрондарының арасынан берік жол салып тастайсың.


Содан кейін келесі кеселге , келесі тікенге ауысасың. Тікендерімнің бәрін жұлып болдым ау дегеннен кейін, басынан бастап қайта сол сол тікендердің орнын жетілдіре бастайсың, болмаса жаңадан кірген тікендерді жұла бастайсың. Қобалжымай ақ қойыңыз, ондай тікендер сіздің өміріңізге жетеді)))


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1369    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 14:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31