Сен тұр - мен айтайын!

Өміріңізді және көзқарасыңызды өзгертетін іс-әрекет⠀

  • Өміріңізді және көзқарасыңызды өзгертетін іс-әрекет⠀

    Өміріңізді және көзқарасыңызды өзгертетін іс-әрекет⠀

Бір мінезі жаман, күші, билігі сізден жоғары адам сізге жаман сөз айтып, елдің көзінше намысыңызға тиді делік. Сізде 2 жол бар: 


1. Сөзіне сөз қайтарып, күшке күш қайтарып намысыңды қорғау

Оны елемей, жүрегіңе түсіріп, қабылдамау.

Көбіміз әрине бірінші жолды таңдаймыз.

2. Ал екінші жолды таңдау өте-мөте қиын. “Қалай біреу саған жаман сөз айтып жатса, намысыңа тиіп жатса үндемей қалуға болады? Қолында өлу керек, есе қайтару керек” деген ұғым санамызға сіңген. Барлық пәле – жала осыдан басталады. Есе қайтара алсаң жақсы, қайтара алмай таяқ жеп қалсаң (бәріне бірдей күшің жете бермейді) болмаса сөзден жеңіліп қалсаң қатты қайғырып, рухың түсіп қалады.



Бұл жерде мынандай философияны қолдануға болады:

Мәдениетті, адамгершілігі зор адам елдің көзінше басқа адамның намысына тимейді, жаман сөз, іс қимыл жасамайды. Егер де ол оған барса ол “адам емес, хайуан деңгейінде” деген сөз. Ал хайуанға адам баласы ренжиді ме? Оның деңгейіне түседі ме?



Егер бір адам сізге сыйлық әкеліп, сіз оны қабылдамай қойсаңыз, ол сыйлық кімде қалады? Сыйлауға әкелген адамда қалады. Тура сол сияқты оның сізген арнаған “сыйын” қабылдау, қабылдамау сіздің еркіңізде.

Қабылдамасаңыз сіздің өміріңіз жеңіл, оның көңіл-күйі мен өмірі ауырлай түседі. Өйткені ол өзінің “сыйлығын” өзінің жүрегінде қалдырды.



Осы тәсілді қолдансаңыздар, өмірлеріңіз жақсы жаққа өзгереді. Осы тәсілмен өзгерткілеріңіз келе ме? Қолдансаңыздар, қандай әсер беріп жатыр? Қабылдамау қолдарыңыздан келіп жатыр ма?


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30