Сен тұр - мен айтайын!

Орыстардың иті мен мысығы бізден бақытты

  • Орыстардың иті мен мысығы бізден бақытты

    Орыстардың иті мен мысығы бізден бақытты

- Орыстың кемпірі жүннен тоқылған қалпақ пен жемпір сатып отыр екен. Қызығып кетіп сенің қызыңа ала салдым деп, апасы кішкентай қызыма тоқылған жемпір əкеліп беріпті. Кигізіп көрейін десем, басы сияды да, жеңі тура келмейді. Апа мынау симайды екен дедім.

- Уйбай онда ана кемпір кетіп қалмай тұрғанда басқасына ауыстырып келейік.

Орыс кемпірді орнынан таптық. Симай қалды басқасын ауыстырып беріңіз дейміз салған жерден.

Иттеріңіздің денесі қандай еді деп сұрап жатыр.

Иті несі деп шатынап кеттік.

-- Əп- əжептеуір қызымызды ит деп. Қарашы бұны. Қағынған орыс. Алмаймын жемпіріңді. Қайтар ақшасын.

Орыс ақшаны қайтарғысы келмей, - мынау пəлен деген итке, мынау жаңа туылған күшікке, мынау төбет итке арнап тоқылған. Сыйғанын алыңыз деп жатты. Мысалыға мынаны менің Моника деген күшігім киіп жүр.

Орыс кемпірді түтіп жегелі тұрған апама қарадым.

-  Ай апам-ай кінə орыста емес, өзіңізде екен. Мынау адамға емес, итке арналып тоқылған киім ғой деймін.

Апам ұялғанынан ернін сылп еткізді.

- Еріккен орыс. Осы орыстардың иті мен мысығы бізден бақытты. Жегені колбаса мен кит-кат. Кигені мынадай қымбат жемпір. Кейде күйіткі тірліктен шаршағанда адам емес, орыстың иті болып туыла салуым керек еді деп ойлаймын. Қой қайтайық. Күшігі де, жемпірі де құрысын. Өзім-ақ тоқып беремін.

Шынымен-ақ. Орыстардың иті бақытты екен. Біздің иттер берген жуындыға мəз болып, үйшігі болса сонда, болмаса тілі салақтап көшеде қаңғырып жүре береді. Оның егесіне деген адалдығын тілмен айтып жеткізу қиын - деді апам əлденеге налығандай.

Сөйлегенде алдыма жан салмайтын мен де, апамның мына сөзіне ештеңе дей алмадым.

Екеуміз де, ішкі ойымызбен арпалысып үнсіз үйге қайттық.



Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2152    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31