Сен тұр - мен айтайын!

Осы жаттығуды жасап жүрсеңіз адамгершілігіңіз артатынына сенімді болыңыз

  • Осы жаттығуды жасап жүрсеңіз адамгершілігіңіз артатынына сенімді болыңыз

    Осы жаттығуды жасап жүрсеңіз адамгершілігіңіз артатынына сенімді болыңыз

АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ХАЙУАНДАРДАН БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Адам баласын басқа жан иелерінен ерекшелендіріп тұратын 4 басты қасиеті бер:

***

1. Санасы. Адам баласы Санасы арқылы өз ойын, іс әрекетін сырттан бақылай алады. Не ойлап отыр, не істейін деп жатыр, не істеп жатыр екенін сырттан бақылай алатын басты қасиетін Сана деп айтады. Сондықтан болар «Бала берсең Сана бер, Сана бермесең ала бер» деп Қазекем Сананы өте жоғары бағалаған.

***

2. Қиялдай алу. Адам баласы өмірде болмаған, жоқ нәрсені Қиялы арқылы елестете, көре алады. Өзінің болашағын, алатын затын, баратын жерін.

***

3. Тәуелсіз Ерік жігері. Қандай нәпсісі тартып тұрса да, істемеймін деген нәрсесінен бас тарта алуы. (Жемеймін деген нәрсесін жемей, ішпеймін деген нәрсесін ішпей, айтпаймын деген нәрсесін айтпай, істемеймін деген нәрсесін істемей қоя алуы). Оны тек еш нәрсеге Тәуелсіз Ерік Жігер арқылы жасай алады.

***

4. Ар Ұяты. Жаман нәрселерден бас тартқыза алатын Ар Ұят деген қасиеті. Нәпсісі тартып тұрған, хайуанға тән нәрселерді істер кезде оянып, бас тартқызатын қасиетті Ар Ұят дейді.

Басқа тіршілік иелерінде, Хайуандарда бұл 4 қасиет жоққа тән. Адамды адам қылып тұрған, Адамгершілігін дамытатын осы 4 қасиет.

***

Егер де өмірге Адам бол келген соң, Адам болып өтемін деген Адам осы 4 қасиетін өлшеп, соларды жетілдіріп отыруға тырысу керек.

Жан жағыңызда адамдарды, әсіресе ӨЗІҢІЗДІ сырттан бақылап, осы 4 қасиеттер қандай деңгейде екенін жазып көріңізші. Егер бұл жерге жаза алмасаңыз, өзіңізбен өзіңіз жеке қалған кезде ақ қағазға барлық Ерік Жігеріңізді жинап алып, Ар Ұятыңызға жүгініп, Қиялыңызды іске қосып, Санаңызды оятып, өзіңізге шынайы көзбен қарап жазып көріңіз. Айына бір рет осы жаттығуды жасап жүрсеңіз Адамгершілігіңіз артатынына сенімді болыңыз.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31