Сен тұр - мен айтайын!

Осы кемшілік болашақта Қытаймен арадағы саясатта да қайталана ма деп қорқамын

  • Осы кемшілік болашақта Қытаймен арадағы саясатта да қайталана ма деп қорқамын

    Осы кемшілік болашақта Қытаймен арадағы саясатта да қайталана ма деп қорқамын

Сәвет Одағы кезінде атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани сабақтастық үзіліп қалды да, біз тәуелсіздік ала салысымен осы атеистік саясаттың шырмауынан шығып, қайтадан жоғалтқанымызды түгендеуге ұмтылдық. Балаларды араб елдеріне топ-тобымен оқуға жібердік. Араб елдерінде оқып келген олар сосын әртүрлі ақидаларды қоғамға әкеп таңып, онсыз да соры бес елі қазақты тағы да жүз жамағатқа бөлетінді шығарды. Дәл осы кемшілік болашақта Қытаймен арадағы саясатта да қайталана ма деп қорқамын. Қытайда қазір солардың берген тегін грантымен 14 мыңдай студентіміз оқып жатыр. Қытай оларға қайбір жаны ашып білім беріп жатыр дейсің, идеологиясын, ілім-білімін елге алып келіп, болашақта солардан қазіргі орысқұлдар секілді өздерінің лоббиын қорғайтын үлкен бір интеллектуалды орта, ләппайшыл қауым қалыптастырмақшы. Онсыз да ортамызда ханзудың қолынан «жем» жеп жүргендер жетеді. Қытайда Орталық Азияны зерттейтін 200-ден астам институт бар екен. Соның ішіндегі 14 институты Қазақстанды зерттеуге арналыпты. Қазақстанға қатты көңіл бөліп отыр олар. Бізде Қытайды зерттейтін әлі осындай бір институт жоқ. Айтпақшы, оқу орнынан жанынан құрылған соларды зерттейтін кафедралар бар. Бірақ оның өзін жабдықтау үшін қытайлардан ақша алыпты. Оны өткенде «Тәуелсіз журналистер клубында» айтып өттік. Бір елді зерттейтін мекемені солардан ақша алып барып құру деген – адамзат тарихында болмаған нәрсе, ақымақтық бұл! Сосын, Алматыда қытайдың мұнай компанияларының ғимаратынан көп нәрсе жоқ. Сисинхай көшесінде, Төле би мен Назарбаевтың қиылысында, Төле би мен Шәріпов көшесінің қиылысында, бүкіл қалада осындай он шақты офисі бар екен. Алматыда мұнай шықпайтынын білесіздер. Онда олар неғып отыр? Олар – Қазақстанның тамырын басып, зерттеп, барлаумен айналысып жатуы да мүмкін. Осының бәрін тиісті органдар ескеріп, жаңағыдай қаптаған кеңсені бір тексеріп қойса, артық болмас еді!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28