Сен тұр - мен айтайын!

Осы өмірге не үшін келдің?

  • Осы өмірге не үшін келдің?

    Осы өмірге не үшін келдің?

АДАМНЫҢ ҚАС ЖАУЫ- ЕРІНШЕКТІК


Еріншектіктен (Прокростинация) құтылу үшін адам баласына саналы түрде мына қарапайым есепті шығарып және жоспарларды жасап алу керек .



1. Қайрат күшің қайтып, белсенді өмірден қалып, қартайғанша қанша өмірің, қанша пайдалы сағаттар қалды? Пайдалы сағаттар деп өзіңді дамытуға, белсенді өмір сүруге арнай алатын сағаттарың. Егер жасың 30-да болса, онда зейнетке шыққанша 35 жылың қалды делік. Сағатқа шақсақ 35*365*24=306 600 cағат қалыпты. Күніне 8 сағат ұйқы, 8 cағат жұмыс, 2 сағат жол, 3 сағат тамақ ішу, жуыну, үй шаруасы қонаққа бару сияқты қажетті деген жұмыстарға 2 сағат кетеді деп санап, қосатын болсақ күніне 20 сағатымызды осылар алып, 3 сағат біз өзіміздің дамуымызға, жетілуімізге, белсенді өмірге, дем алуға арнай алады екенбіз. Олар деген: Білім жинау, спортпен айналысу, саяхаттау.

35*365*3= 38 325 ғана сағат қана қалыпты. Былай қарасаң өмірің алдыңда, әлі керемет көп уақыт бар сияқты. Шын мәнінде дамып, осы өмірдің рахатын, сыйын көріп, артыңа із тастап кетуің үшін осы сағаттарды бос өткізіп алмауың керек!! Әр минуттарын жоспарлап, өзіңді дамытатын істерге арнай алуың қажет!



1. Өмірлік мұратыңды анықтап алуға тырыс. Осы өмірге не үшін келдің? Қандай жетістіктерге жеткің келеді? Ден саулығың қандай болғанын қалайсың? Материалдық жағдайың? Қандай үйде тұрып, қандай көлік мініп, қай жерлерге барғың келеді? Қандай білім алып, қандай істер істегің келеді? Кімдерге қандай жақсылықтар жасағың келеді? Қашан? Ол үшін не істеуің керек? Барлық ҚАМ (Қиял Арман Мақсаттарыңды) анықтап жазып тастап, соны көрнекті жерге іліп қойып, күніне бір рет қарап оқып отырған жөн. Сол кезде уақыттың қадірін түсіне бастайсың.

Жоспарланған әр істерді уақытында жасап тастауға тырысатын боласың.



Еріншектіктен құтылудың тағы қандай жолдарын білесіздер? Бойыңыздағы еріншетіктің %-ы қанша деп ойлайсыздар?


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

жұма, 31.08.2018, 20:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31