Сен тұр - мен айтайын!

Осындай топастардың кесірі қара халыққа тиіп жатыр!

  • Осындай топастардың кесірі қара халыққа тиіп жатыр!

    Осындай топастардың кесірі қара халыққа тиіп жатыр!

Шендімен шекісіп қалдым.


Бір ДӨКӨЙ ағамызбен тап-тамаша әңгіме құрып отырғанбыз. Ұлттық өнерге қатысты сөз басталғанда пікіріміз екіге айырылды. Ағамыз былай деді;

- Осы домбыра тап бүгін кімге керек?! Отырып алып бірдеңені тыңқылдатып, жыртылып айқайлап... Жұртты үркітіп. Қазақшаңды ұғып жатқан жұрт бар дейсің бе?! Басқа түгілі мына мен де ұқпаймын!

- Ой, аға, бұ не дегеніңіз?! Ұлттық өнерді түсініп тереңіне бойлап, қадіріне жете білетін қазақ көп. Әңгіме адамның өзінде. Оның өресінің биіктігі мен түсінік-танымының тереңдігінде. Ақылсыз, талғамы тозған жанға екі қойыңыздың көк тиындық құны жоқ!

Дегенім сол еді, ағам сөзімді бөліп шарт ете қалды.

- Сен өзіңді кіммін деп тұрсың?! Керемет ақылдысың ба? Деп біраз жерге шапты ағам. Мен сабырмен тыңдап тұрдым. "Не, мені оқытайын деп пе едің?!" деп тоқтады.

Сосын мен жылы жымиып былай дедім.

- Кешіріңіз аға. Мен сізді оқыта алмаймын. Үйткені сіз маған лайықты шәкірт бола алмайсыз! Сондықтан ренжімеңіз, сауболың. Деп кете бердім. Ал, ол болса жер тепкілеп, ашудан булығып, түкірігіне шашалып қала берді.

П-сы: Менің АНА ТІЛІМДІ, ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН АТА ДӘСТҮРІМДІ, ҚАСИЕТТІ ДІНІМДІ қадірлеп сыйламайтын шенді мен шекпендіні, үлкені мен кішісі болсын түкіргенім бар, ұрмайды екенмін! Тап осындай топастардың кесірі қара халыққа тиіп жатыр! Алла Тағала желкелерін үзеді ғой бір күні. Мен оған шүбәсіз сенем!


Erlan Ryskali

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3518    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.10.2017, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30