Сен тұр - мен айтайын!

Отандық арналар "ұйықтап" жатыр

  • Отандық арналар

    Отандық арналар "ұйықтап" жатыр

Екі жастағы ұл "Астана" мен Хит ТВ арналарынан "Маша мен аюды" көріп жүреді, уақытын да біліп алған, пультті баса қояды, ешкім үйретпеген. Бұл мультиктің не сиқыры бар, ана жасқа толмаған қызым да музыкасы шықса бітті, көңілденіп сала береді ғой. Бүгін Машаны іздеп таппай қалды, барлық арна техүзілісте ғой. Бірақ балаға балам, телеарналар айына бір рет техникалық үзіліс жасап тұрады деп айта алмайсың ғой, түсінбейді ғой ол.

Маша, Маша дейді жыларман боп. Арасында менің Машам деп қоятынын қайтерсіз. Қырсыққанда, бүгін Тижи мен Карусель де "қалың ұйқыда" екен. Содан балама "Маша ұқпыш боп жатыр, әлі оянған жоқ" деп түсіндірген болдым. Бағана әбедке келген әкесіне Маша, ұқпыш деп бір нәрселерді айтып жатыр былдырлап.

Айтайын дегенім, Маша сияқты сары шашты болмаса да қара шашты қызы бар мультик жасаңдаршы, аниматор көкелер. Кейін деймін де, балам ержеткен соң үйге бір Машаны әкеп тұрса қайтем, а?! Ә дегенде ойыма осы кепті ғой)


facebook.com




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31