Сен тұр - мен айтайын!

Ойбай-ау, сүндетке отырғаныма елу жыл болған жоқ па...

  • Ойбай-ау, сүндетке отырғаныма елу жыл болған жоқ па...

    Ойбай-ау, сүндетке отырғаныма елу жыл болған жоқ па...

БҰЛ ҚАНДАЙ МЕРЕЙЛІ КҮН?!


Бүгін де мерейлі күн екен. Мерейіміз неден асқанын айтамыз ғой, оған дейін мына домбыраның тиегін түзеп алайық.

Бірде Көпен Әмірбек үйіне шақырып шәй берді. Шақырғанда, "мерейтойға келесіздер" деген. Дастархан басындағылардың ең жасы - біз. Амангелді, Өмірзақ, Сіләмхан, Қаныбек дегендей ел ағалары, Намазалы мен Жүрсін сияқты Көпекеңнің өз қатары келді. Керемет дастархан жайылған. Бас-басымызға сыбағасы бар ту биенің сүрі асылған. Енді ағалар шақырудың мән-жайын іздеуге кірісті. Мынау ненің мерейтойы? Көпеннің жасын санаса 57-де. Сол сияқты не әкесінің, не анасының мерейтойына қисын жоқ екен. Балаларының, ол кездегі әйелінің туған жылдарын сұрап көрді. Биыл ешбірінде "нөл" кездеспейді. Бас қатты. Ешкім таппады. Ақыры Әужекең бе, Өмекең бе әйтеуір біреуі: "Әй, Көпен, бізді өлтірмейін десең, бұл қандай мерейтой екенін өзің айтшы" деді. Сонда Көпекең: "ойбай-ау, сүндетке отырғаныма елу жыл болған жоқ па" деп ду күлдірген.

Домбыраның дауысын келтіріп алсақ, енді мына мерейлі күннің сырына көшелік. Оның сыры тым қысқа, Көпекеңнің сүндетке отырғанының елу жылдығын тойлаған күннің әңгімесіне қарағанда бір-ақ тұтам. Бүгін "Қайнар Олжайдың сабақтары" тобының мүшесі тура 2500-ге жетіпті. Біз үшін шынында, мерей. Осы топқа сыртынан ешкімді кіргізіп қоймай-ақ, 2500-ге жеткеніміз мәртебе! Топ мүшелеріне тегіс рахмет, әлі оған кірмегендеріңізге есігіміз ашық!


Қайнар Олжай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.11.2018, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31