Сен тұр - мен айтайын!

Өз еліміздегі өз саласының майталмандарын тауып, соларға жол ашсақ

  • Өз еліміздегі өз саласының майталмандарын тауып, соларға жол ашсақ

    Өз еліміздегі өз саласының майталмандарын тауып, соларға жол ашсақ

Бізде қандай да бір тақырыпта кездесулер, семинарлар немесе тренингтер өткізілетін болса шекара асып адам іздейміз. Біреулердің мақтауымен 'мен мықтымын' деп даңдайсыған кез келген адамды алып келеміз. Көпіртіп әңгімелерін тыңдаймыз, тыңдатамыз.


Тыңдап отырып ойлар келеді. "Мұның айтып отырғанын өзіміз де білеміз ғой", "Қанша жерден келгендегі айтқаны осы ма", "Мынау тақырып туралы емес, өзін мақтап әңгіме айтып кетті ғой", т.б. Тіпті олардың өздері де микрофон ұстаған бойы әңгімелерін бір сылтаумен бастап жатады.

Қадағалап отырсаң ұйымдастырушылардың да жанарынан келеңсіздіктен туындаған аздап өкініш пен ыңғайсыздық сезімі байқалады. Обал ай!


Олай болса немізге қажет шашылып. Өз елімізде де толып жатқан білімді жастар бар. Тәжірибелі мамандар бар. Бірі оңтүстікте, бірі шығыста, енді бірі еліміздің тағы бір жерінде. Жасалып жатқан шаралардан түсінетінің облыстар арасында бір біріне жақсы мамандарды ұсыну, тәжірибе алмасу жоқ екендігі. Өзіміздегі мамандарды танымайтындығымыз. Әйтпесе шет елден маман шақырып төгіліп-шашылғанша көршіге хабар салып алдырған атам заманынан келе жатқан игі дәстүр ғой қазақта.

Жоқ бізге мақтаныш керек. Пафос керек. Басқасы бос...


Жақында біздің елде өткен бір шарадан қайтқан солтүстік көршіміз бір маманның фейсбуктағы жазбасын оқып осы мәтінді теруге ой келді.

Жазбасынан асып бара жатқан мықты маман емес екендігін түсіндім. Өзі мойындапты мұндай шараға алғаш рет қатысқанын.

Сонда қалай? Біз тәжірибе жинасын деп шақырғанбыз ба оны?


Айтпағым не?

- Жақсылап зерделеп, өз еліміздегі өз саласының майталмандарын тауып, соларға жол ашсақ. Өзімізден басқа бізге жанашыр ешкім жоқ екенін түсінсек. Басқаның қолындағы алтын жылтырлақ келеді; дегенмен, қолдағы бақырға еш тең келмес.

- Мақтанғанды тоғарайықшы. Орнына әсерлі, нақты, көпке пайдалы жұмыс жасасақ.

Қош...


(Ешкімді көздеп жатқам жоқ, жалпы жағдайымыз)


Kazbek Elubaev

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.04.2018, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31